Сайрам-Өгем
Сенбі, 30 наурыз 2013 1:49
Сайрам-Өгем мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi салалық мекемелер арасында өткен жылғы атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша республикамызда бiрiншi орынды жеңiп алды. Республика Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң табиғатты қорғау мекемелерiнiң 2012 жылғы қызметiн рейтингiлiк бағалау нәтижесiн шығарған шешiмiнде Сайрам-Өгем мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi ұжымының Оңтүстiк Қазақстан облысының жануарлар мен өсiмдiктер әлемiн сақтаудағы жоғары көрсеткiштерi жан-жақты баяндалады.

2006 жылы құрылған мекеменiң туған өлкемiздiң табиғатын қорғауда жүргiзген жұмыстары шын мәнiнде жақсы бағаланады. Осы уақыт iшiнде Оңтүстiктегi ұлттық табиғи парк өңiрiмiзде өте сирек кездесетiн аңдар мен өсiмдiктер түрлерiн сақтауда айтарлықтай iстер тындырып келедi. Тұщымды тiрлiктерi қатарында бұдан 40-50 жыл бұрын аймағымыздан ауып кеткен, Қазақстанда iлуде бiр ұшырасатын қар барысы мен Түркiстан сiлеусiнiнiң парк аумағында пайда болуын ерекше атап өту ләзiм. Бұл аталмыш мекемеге қарасты жерлерде табиғат қорғау жұмысының ойдағыдай жолға қойылғанының бiр айқын айғағы болса керек. Соңғы жылдары парк аумағында жасыл желек өртiне жол берiлмедi, табиғат байлығына сұғанақтық күрт азайды. Мекеме Қазығұрт, Төлеби, Түлкiбас аудандарындағы Өгем, Қаржантау, Боралдайтау, Сайрамсу, Иiрсу таулары мен солардың сiлемдерiн, жалпы 149053 гектар жер аумағын қамтиды. Бұл қыраттар мен алқаптарда ерекше қорғауға алынған өсiмдiктердiң 1653 түрi өседi. Жабайы жануарлардың 59 түрi, қанаттылардың 300 түрi мекендейдi.
– Тынығушыларға қызмет көрсетуден парктiң есепшотына бiр ғана өткен жылдың өзiнде 8 млн. теңге түсiрiлдi. Республикалық “Жасыл даму” бағдарламасына орай жыл сайын мекемеге қарасты аумақтарда 60 гектарға әртүрлi дарақ көшеттерi отырғызылады. Олардың алды қазiр орман алқаптарына айналды, — дедi Сайрам-Өгем мемлекеттiк ұлттық табиғи паркiнiң бас директоры Жеңiсбек Тұрғанов.
Жеңiс БАҺАДҮР,
журналист.
Оңтүстік Қазақстан облысы.