Саясат • 18 Мамыр, 2019

Қазақстан Сыртқы істер министрі Тәжікстан Президентімен кездесті

941 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Сыртқы істер министрі Тәжікстан Президентімен кездесті


«Орталық Азия + Жапония» Диалогы (ОАЖД) Сыртқы істер министрлерінің 7-ші кездесуіне қатысу аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті.

Қазақстан Сыртқы саяси ведомствосының басшысы Тәжікстан біздің еліміз үшін Орталық Азиядағы сенімді дос және маңызды стратегиялық серіктес екенін атап өтті. «Біз елдеріміз бен мемлекеттер басшыларының арасындағы қалыптасқан жылы қарым-қатынастарды шынайы бағалаймыз», - деді Б.Атамқұлов.

Тараптар маусым айында Душанбеде өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 5-ші Саммитін талқылады. Қазақстан тәжік тарапына төраға ретінде белсенді қызметі үшін ризашылығын білдіріп, төрағалық кезінде толық қолдау көрсетуге дайын.

Тәжікстан Президенті Э. Рахмон Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ бүкіл Орталық Азия өңірінің дамуына қосқан зор үлесін атап өтті. «Нұрсұлтан Әбішұлы - көреген саясаткер және мықты басшы. Әлемдік көшбасшылардың арасында ең жоғары беделге ие», - деді Тәжікстан Президенті.

Сонымен қатар, Э. Рахмон 20 жылдан астам уақыт бойы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты жеке танитынын айтып кетіп, оны тәжірибелі дипломат және кәсіпқой ретінде білетінін атап өтті. Сонымен қатар, ол Қазақстанға жақсы және айқын президенттік сайлауды тіледі, оның нәтижесі, сөзсіз, қазақ халқының игілігіне қызмет етеді.

Соңғы жылдары қазақ-тәжік қарым-қатынастарының артуы байқалады, саяси байланыстардың нығайып, сауда айналымының көрсеткіштері артып келеді және 2018 жылы 845,9 млн. АҚШ долларын құрап, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,2% жоғары. Тараптар алдағы 3-4 жылда екіжақты сауда айналымын 2 млрд. долларға дейін ұлғайтуды көздеп отыр.

Қазақстан негізінен Тәжікстанға астық, ұн, күнбағыс майы, құрылыс және лак-бояу материалдары, мұнай газдары мен газ тәрізді көмірсутектерін, мұнай мен мұнай өнімдерін экспорттайды. Тәжікстан болса - көкөніс, жеміс, кен өнімдері және қорғасын, мырыш, мыс концентраттарын.

Тәжік компанияларының «KazakhExport» қазақстандық экспорттық сақтандыру компаниясымен өзара әрекеттесуінің арқасында теміржол өнімдерін, металл өнімдерін жеткізудегі тиімді ынтымақтастық, автобус таксопарктардың жаңартылуы, Душанбені энергиямен жабдықтау инфрақұрылымы жаңартылуда. Ағымдағы жылдың 20 мамырында Тәжікстан астанасында осы қазақстандық компанияның кеңсесін ашу жоспарланып отыр.

Көлік және транзиттік әлеуетті дамытуда ынтымақтастық үшін үлкен әлеует бар. Екі мемлекеттің аумағында тауарларды тасымалдау үшін икемді тарифтік саясатты жүргізуді жалғастыру ұсынылды. Қазақстан Тәжікстанға KazSat спутниктері арқылы және тәжік-ауған шекарасының қауіпті аймақтарын ғарыштық бақылау арқылы спутниктік байланыс қызметтерін ұсынды.

Бүгінгі таңда екіжақты ынтымақтастықтың құқықтық базасы ынтымақтастықтың барлық салаларын қамтитын 80-ден астам құжаттан тұрады.