Көрмеге еліміздің ғасырлық деректі тарихын тасқа басқан газеттің ескі тігінділері, сол кездегі өндірісі туралы хабар беретін жәдігерлер, газет редакциясынан жарық көрген кітаптар, басылымның түрлі жетістіктерін көрсететін құжаттар мен марапаттар сынды көптеген дүниелер қойылған.
Басылымның мерейтойына арналған кешенді шаралар жыл аяғына дейін жалғасады. Мұндай шаралар еліміздің түрлі аймақтарында биылғы қаңтар айынан басталған. Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында газет мерейтойына арналған салтанатты шаралар, кездесулер ұйымдастырылды.
Көрме бір ай бойы жалғасады.