Руханият • 21 Мамыр, 2019

Акварель әлемі

1971 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде «Қазақстан акварелі: кеше және бүгін» атты көрме ашылды. Экспозицияға Қазақстан бейнелеу өнерінің пайда болған сәтінен бастап қазіргі кезге дейінгі акварель әлемінің өрісін танытатын іргелі туындылар қойылған. Бүгінде есімі елге белгілі қылқалам шеберлерінің музей қорында сақталған айтулы картиналарын және еліміздің түрлі өңірінде тұратын заманауи графикшілер мен кескіндемешілердің 140-қа жуық акварельдік шығармасын бір мезетте тамашалауға болады.

Акварель әлемі

Алғашқы ұлттық сурет­шілер Әбілхан Қас­теев, Қо­жахмет және Құлах­мет Қожы­қовтардың жұмыс­тарында қазақ даласының жартылай көшпелі өмірден ажырап, жаңа өнеркәсіптік келбет алған жаңа дәуі­рінің тынысы боямасыз су­реттелді. Қазақстанға келген И.Бальхозин, Б.Урманче, Н.Ягодкин, А.Риттих, Р.Ве­ли­канова, П.Зальцман және тағы да басқа суретшілер атқарған кәсіби бейнелеу жүйе­лерінің ақпаратын тара­­тушылық қыз­меттері пор­треттер мен пей­заждық кө­ріністердің қайнаған шеберханасы болды деп айта аламыз. КСРО-ның үздік институттарында кәсіби білім алған бір топ талантты су­рет­ші­лер шығармашылық қыз­­­меттерін өз елдерінде жал­ғастырды, соның ішінде бір­қатар туындыгерлер аква­рельдік кескіндемеге де ай­рықша ден қойды.

«Қазақстан акварелі: Ке­­ше және бүгін» көрмесі бү­гінгі күн тұрғысынан аква­рель жауһарларын көріп, аң­ға­рып-ұғынуға қолға түсе бер­мейтін мүмкіндік туғызып отыр. Республика өнерінің қа­лыптасуының әр түрлі ке­зең­деріндегі суретшілердің шы­ғар­машылығындағы ерек­ше­лік­тер бізге жақсырақ се­­­­зіледі. Қа­зақстан кес­­­кін­­­­де­мешілерінің шы­ғар­ма­­шы­лығында натюрморт еш­­­қашан да басты жанр болып есептелмегенін ескерген жөн, алайда О.Коломыцева, Л.Кузнецова, Г.Мәдибиева және тағы басқалардың тұнық табиғаттың есте қалар сәттерін сипаттайтын композициялары академиялық өнердің стильдік және образдық-пластикалық ерекшеліктерін сақтаған ерекше кескіндемелік тақырып ретінде қабылданады», – дей­ді өнертанушы Светлана Көбжанова.

Көрмеде өңіріміздегі осынау дегдар өнердің қарқын алуына серпін берген Е.Си­дор­кин, А.Ғалымбаева, Ү.Әжиев сынды шеберлердің аква­­рельдік жұмыстары өзіне бірден баурап алады. Ең бастысы, шығармашылықтары мен тем­пераменттері әртүр­лі сурет­шілердің күрделі әрі көп қыр­лы техникада орындаған шы­ғармалары әр дарынның өзіне ғана тән қайталанбас қол­таңбасын әйгілеп тұр. Қазақ да­ласының сұлулығы, көз тұндырар тұмса табиғаттың сан алуандығы мен ауқымы түрлі буын су­ретшілерінің кенебіндегі бас­ты тақырыпқа айналған. Туындылары көрмеге қойыл­ған суретшілердің әр­қайсысы дара кескіндемелік-плас­тикалық образ жасап, қор­шаған әлемді ұғыну мен зерт­теудің өзіндік тәсілдерін тап басқан.

 

АЛМАТЫ