15 Қаңтар, 2013

Шарайна

257 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Шарайна

Сейсенбі, 15 қаңтар 2013 7:33

Іс қайта қаралады

ЕгипеттіңбаспрокуратурасыелдіңбұрынғыпрезидентіХосниМүбәрактыңадвокаттарыныңқазынаға2,7 миллионАҚШдолларынқайтаружөніндегіұсынысыменкелісті.БұлқаржыХ.Мүбәрактың «Аль-Ахрам»медиахолдингіненкезіндеалғансыйлықтарықұныныңорнынтолтыруғаарналған.

 

Сейсенбі, 15 қаңтар 2013 7:33

Іс қайта қаралады

ЕгипеттіңбаспрокуратурасыелдіңбұрынғыпрезидентіХосниМүбәрактыңадвокаттарыныңқазынаға2,7 миллионАҚШдолларынқайтаружөніндегіұсынысыменкелісті.БұлқаржыХ.Мүбәрактың «Аль-Ахрам»медиахолдингіненкезіндеалғансыйлықтарықұныныңорнынтолтыруғаарналған.

Аталған қаржыны экс-президенттің туыстары екі күн ішінде төлеуі тиіс. Оның адвокаттары осы қаражатты төлегеннен кейін, прокуратурадан Х.Мүбәракқа қатысты тергеу ісін тоқтатуды талап етуі мүмкін. Бұдан екі күн бұрын Хосни Мүбәрак тергеу ісін әрі қарай жалғастыру үшін түрме госпиталынан Каирдегі әскери госпитальға жеткізілген болатын. Египеттің кассациялық соты 13 қаңтарда бұрынғы президенттің ісін қайта қарау жөніндегі өтінішін қанағаттандырған еді. Оған қатысты істі тыңдау қашан өтетіні әзірге белгісіз.

Бас министрді отставкаға жіберді

Пәкстанның премьер-министрі Раджа Первез Ашраф кеше Белуджстан провинциясының бас министрін отставкаға жіберді. «Франс-пресс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұған аталған провинцияда бірнеше террорлық әрекеттер салдарынан 115 адамның қаза табуы себеп болған.

Премьер-министр мұндай шешімді Кветта қаласында мұсылман шиитердің халықтың қауіпсіздігін қорғауда биліктің ешқандай да әрекет етпей отырғанына қарсылық білдіруі кезінде олармен кездесуінде қабылдаған. Сондай-ақ, премьер-министр алдағы екі айда Белуджстан провинциясын арнайы тағайындалған губернатор қадағалайтынын мәлімдеді. Бұдан бөлек премьер қаза тапқандар туыстарының қойған бірқатар талаптарымен де келісті. Террорлық әрекеттер жасалған күннің ертесінде мерт болғандардың жақын туыстары олардың мәйіттерін жерлеуден бас тартқан еді.

190 адам бостандыққа шықты

Грузияда сотталғандарға рақымшылық жасау туралы құжат күшіне енді. Осыған байланысты бір күннің ішінде саяси белгілері бойынша сотталған 190 адам бостандыққа шықты. Бұл жөнінде «Интерфакс» ақпарат агенттігі хабарлады.

Бостандыққа шыққандардың арасында елдің бұрынғы билігі «ресейлік жансыздар» деп айып таққан Рубен Шикоян, Тариель Абашидзе, Вячеслав Плужников, тағы басқалар бар. Агенттіктің ақпараттарына қарағанда, оларға 2011 жылдың жазында үкім шығарылған. Рақымшылық жасалуына байланысты жақындағы екі айда үш мың адам бостандыққа шығарылады. Бас бостандығынан айырылған тағы 14 мың адамның жазасының мерзімі қысқартылады. Парламент қабылдаған бұл заңға ел президенті М.Саакашвили вето қойған болатын. Ал құжат өткен сенбіде парламентте көпшілік дауыспен қабылданды.

Қысқа қайырып айтқанда:

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу министрліктің бас әскери дәрігері В.Новиковты әскерилерге тиісті медициналық көмектер көрсетілмейтіндігіне байланысты қызметінен босатты.

Қытай билігі Пекинде жаңа әуежай құрылысын салу жобасын бекітті. Оның құны 11,2 миллиард долларды құрайды.

lНью-Иорк штатының губернаторы жұқпалы тұмаудың кең таралуына байланысты штат аумағында төтенше жағдай жариялады.

Ресейлік «Севмаш» кәсіпорны осы жылдың шілдесінде «Борей» жобасы бойынша бесінші стратегиялық атом сүңгуір крейсерін, ал қараша айында алтыншы крейсерін жасауды жос­парлап отыр.

Әскери операцияға Ұлыбритания да қосылды

Бірқатар ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Ұлыбритания Малиге исламшыларға қарсы күрес операцияларын жүзеге асыру үшін халықаралық күштер ретінде екі әскери көлік ұшағын аттандырады. Корольдіктің әскери-әуе күштерінің ұшақтары кеше немесе бүгін ұшып шығуы тиіс.

Олардың ұшақтары Малиге осы елде әскери операциялар жүргізіп жатқан Францияның өтініші бойынша келетін сияқты. Сондай-ақ, бұл елге Батыс Африкадағы шағын мемлекеттер саналатын Того, Нигер, Буркино-Фасо және Нигерия да жалпы саны 500 адамдық шектеулі контингент жіберетіндерін мәлімдеді. Өткен жылдың сәуірінде көтерілісші туарегтер Малидің солтүстігіндегі аумақтың басым бөлігін өздерінің бақылауына алған еді.

Бірегей обсерваторияны да бүлдірді

Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэлс штатындағы табиғи өрт оншақты тұрғын үйді жайпап, Австралиядағы ірі телескоп «Сайдинг-Спринг» обсерваториясын бүлдірді. Бұл жөнінде кеше ВВС News хабарлады.

Аталған агенттіктің мәліметтері бойынша, 30-дан астам тұрғын үй мен ғимарат өртке оранған. Осы штаттың аумағында 170-ке жуық өрт ошағы тіркелген, соның 30-дан астамы әлі ауыздықталмай отыр. Өрт сөндіру қызметінің деректеріне қарағанда, келтірілген шығын көлемі аса үлкен. Ал «Сайдинг-Спринг» обсерваториясы линзасының диаметрі 3,9 метр екен. Линза Австрия мен Ұлыбританияда жасалыпты.

Жасөспірімнің «мықтылығын» қара!

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, италиялық ата-ана асырап алған 13 жастағы жасөспірім әкесінің «Мерседес» автокөлігін «қуып» кетіп, Еуропа аумағындағы жолдармен 800 шақырымды басып өткен.

Қалтасында 200 еуросы бар жасөспірім Италияның солтүстігіндегі шағын Педеробба қаласынан жолға шығып, автокөлікпен бір тәулікке жуық жол жүріпті. Оны  Германияның Лейпциг ауданында ғана  қырағы полицейлер байқап қалып, тоқтатқан екен. Әлгі бала осының алдында асырап алған анасына ренжіп, өзінің Польшадағы биологиялық әке-шешесін және қарындасын іздеп жолға шығыпты. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, ол өзінің қателігін мойындаған әрі кешірім сұраған. Сонымен қатар, ол автокөлік жүргізуді, жол картасын пайдалануды жақсы білген.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.