Аймақтар • 22 Мамыр, 2019

Орталық Азияда теңдесі жоқ ет комбинаты пайдалануға берілді

1206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тайынша ауданы Новоивановка елді мекенінде экспортқа бағытталған заманауи ет комбинаты жұмыс істей бастады.

Орталық Азияда теңдесі жоқ ет комбинаты пайдалануға берілді

Кәсіпорынның шикізат қуаттылығы – 5 мың тонна ет.  Ет тереңдетіп өңделіп, 3 мың тонна дайын өнім шығарылады. Шұжық өнімдері  мен жартылай фабрикаттар экспортқа жіберіледі.

«Кәсіпорынның Орталық Азияда баламасы жоқ. Инвестиция көлемі  5 миллиард теңгені құрайды. 74 жаңа жұмыс орны ашылды.  Барлығы 100 адам еңбек ететін болады»,  деді  ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде аймақ басшысы Құмар Ақсақалов.

Неміс технологиясы бойынша салынған комбинатта бірнеше цех бар. Шошқа кешенінің қуаттылығы – 50 мың бас. Онда  92 адам еңбектенуде. Жуырда тағы бір кешеннің құрылысы басталады. 

EMC Agro ЖШС-нің директоры Қанат Атайбековтың айтуынша  2020 жылға таман  шошқа 100 мың басқа жеткізіледі. Жемазық зауыты салынып, кешен одан әрі ұлғайтылады.

Былтыр осы ауданда  «Био оперейшейнс» зауыты есігін айқара ашқан болатын. Онда  қазір 450 адам жұмыс істейді. Нысан биоэтанол, крахмал мен кілегей шығарумен айналысады.