Шат жүзіңді мұң шалмасын, бүлдіршін!
Бейсенбі, 10 қаңтар 2013 7:15
Облыс орталығында өңірлік кардиохирургиялық орталық ашылды. 50 кереуеттік орталық Павлодар, Семей, Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындарына қызмет көрсететін болады. Алдағы уақытта медицинаның озық технологияларымен жабдықталған орталықта жылына шамамен 2500-ге жуық ота жасалмақшы. Балалардың жүрек ауру сырқатына да, тіпті, туа біткен жүрек ақауы бар жас сәбиге де оталар осы орталықта жасалады, дейді мамандар.

Бұл күндері өңірде жүрек ауруларына шалдыққан 600 бала есепте тұрса, оның 150-іне ота жасалуға тиіс. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, бүгінгі таңда елімізде жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітімдер 19 пайызға төмендеген.
Елбасының биылғы «Қазақстан-2050» Стратегиясы Жолдауында медициналық қызметтердің сапасын арттыру, саламатты өмір салтын қалыптастыру, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ететін жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу жөнінде нақты міндеттер айқындалған. Жаңа орталықта Ресейдің Түмен облыстық ауруханасы кардиохирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі К.Горбатиков төрт операция жасады. Ал, жергілікті кардиохирургтер Ресей, Беларусь, Израиль, Югославия елдерінде тәжірибелерін шыңдап, біліктіліктерін жетілдіріп келіпті. Олардың бесеуі – «Болашақ» бағдарламасының түлектері.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Павлодар облысы.