Спорт • 23 Мамыр, 2019

Нұр-Сұлтанда кәсіпқой бокс кеші өтеді

670 реткөрсетілді

Қазақстанда астана күніне орай америкалық Top Rank және британиялық MTK Global промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен 6 шілде күні үлкен кәсіпқой бокс кеші өтпек. Кәсіпқой бокс әлеміндегі мұндай ірі оқиға Қазақстанның бас қаласында орналасқан «Барыс-Арена» мұзайдынында өтеді. Бұл спорт кешені өзіне 12 мың жанкүйерді сыйдыра алады.

Елімізде мұндай ірі бокс кеші өтетінін ұйымдастырушылар Орталық коммуникациялар қыз­метінде өткен баспасөз жиынында мәлімдеді. Жиынға MTK Kazakhstan басшысы Ас­қар Салықбаев, Таяу Шығыс жә­не Азия аймағы бойынша MTK ке­ңесшісі Ахмед Седдики, кәсіп­қой боксшылар Жанқош Тұра­ров, Виктор Коточигов және шетелден келген бірнеше мәртебелі мейман қатысты.

«6 шілде күні елордада кә­сіп­қой бокс кеші өткелі жатыр. Бұл тарихи сәттердің бірі болғалы тұр. Себебі бұл кеште Жанқош Тұ­раров шаршы алаңға оралады. Жанқош соңғы бір жарым жыл бойы айқасқа шықпаған еді. Тағы бір айта кетерлігі – бұл кешке түбі марокколық француз бокс­шысы Нордин Оубаали шыққалы отыр. Бокс кеші «Барыс-Аре­нада» өтеді. Билет бағасы 500-2000 теңге аралығында болады. Барынша танымал боксшыларды тартуға тырысамыз», дейді MTK Kazakhstan промоутерлік ком­паниясының басшысы Асқар Салықбаев.

Жуырда ғана MTK Kazakhs­tan промоутерлік компаниясы­мен келісімшартқа отырған жерлесіміз Жанқош Тұраров «Барыс Аренада» қазақстандық және шетелдік боксшылардың қа­ты­суымен өтетін бокс кешіне бір жарым жылдық үзілістен кейін рингке шығатынын мә­­лім­деді. Ол 2017 жылы 9 қыр­күйекте өткен соңғы кездесуінде қолынан жарақат алып, шаршы алаңнан алыстап қалған болатын.

«Шаршы алаңға шық­па­ға­ныма да бір жарым жыл уа­қыт болып қалыпты. Десе де, жат­тығудан қол үзген жоқпын. Дәл қазір өзімді бабымдамын деп есептеймін. Алла қаласа, әлемдік белдіктерді аламыз деген ойымыз бар. 6 шілдедегі елордадағы жекпе-жекке дейін Англияда рейтингтік кездесу өткіземін. Дайындық өте тамаша», деді Жанқош Тұраров.

Аталған бокс кешінде Тұраровпен бірге жеңіл салмақта WBC бойынша әлем чемпионы титулын және тиісінше ор­та салмақтағы WBO бойын­ша Еуропа чемпионы титулын қор­ғайтын Нордин Оубаали және Дэ­вид Оливер Джойс сияқты ха­лықаралық жұлдыздар да өз жек­пе-жектерін өткізеді. Бұған қоса аталмыш кеште қазақ­стандық боксшылардан Сұлтан Зауырбек, Виктор Коточигов, Али Балоев, Әбілқайыр Ше­галиев, Нұртас Әж­бенов және Абай Төлеш се­кілді былғары қолғап шеберлері жанкүйерлер алдында өз өнер­лерін көрсетеді.

Елордадағы әлемдік бокс ке­шін дүниежүзі бойынша ең ірі спортық оқиғалардан хабар тара­тушы америкалық ESPN+ телеарнасы жекпе-жектерді АҚШ, Канада және Пуэрто-Ри­кодағы 100 миллионнан астам кө­рер­менге тікелей эфирде транс­ля­ция жасайды. Сондай-ақ iFL TV ютуб жобасы да бұл оқи­ғаның Еуропа және әлемнің бас­қа да аймағындағы бокс кө­рер­мендеріне трансляция жүргізетін болады.

Айта кетейік, MTK Global – бокс менеджменті бойынша әлемдегі ірі компания саналады. Штаб-пәтері Дубайда орналасқан. Бұл промоутерлік компанияны Геннадий Голов­киннің экс-қарсыласы, Еуро­паның екі мәрте чемпионы­ британиялық боксшы Мэтью­ Маклин 2012 жылғы қыр­күйекте құрған. MTK Global промоу­терлік компания­сы әлем бойынша көптеген ірі қалаларда бокс кештерін ұйымдастырып келеді.

 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Көш басында - Канело

Спорт • Кеше

Ауылда да субұрқақ бар

Аймақтар • Кеше

Шыңға біткен шынардай Шыңғыс еді!..

Руханият • 14 Маусым, 2019

Мерейі тасыған отбасы

Руханият • 14 Маусым, 2019

Бірлесіп күресуге шақырды

Саясат • 14 Маусым, 2019

«Реал» 303 миллион еуро жұмсады

Футбол • 14 Маусым, 2019

Олимпиада жолдамасын иеленді

Спорт • 14 Маусым, 2019

Еуропа ойындары басталады

Спорт • 14 Маусым, 2019

Демалыс аймағы ашылды

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Мұражайлар фестивалі

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Мейіргер Шархат

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Робот арқылы операция жасайды

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Ұқсас жаңалықтар