«9 азаматтың 5-еуі емханаға жатқызылды, ал қалған 4 адам қонақүйге орналастырылды. Зардап шеккен қазақстандықтар түрлі деңгейде жарақаттар алған. Жақын күндері жергілікті дәрігерлер толық медициналық тексеру жүргізіп, оларды ары қарай емдеудің жолдарын ұсынатын болады. Біздің дипломатия отандастарымызбен бірге және оларға қажетті көмектің барлығын жасауда. Зардап шеккендердің туыстарына оқиға туралы хабар берілді», - делінген таратылған ақпаратта.
Еске салсақ, бүгін Италияның Сиена провинциясында шетелдік туристер отырған автобус аударылып, салдарынан бір адам көз жұмып, шамамен он адам түрлі деңгейде жарақаттар алған