23 Мамыр, 2019

Ақтөбе қаласының әкімі көп балалы аналармен кездесті

1027 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтөбе қаласында ғана емес, еліміздің барлық өңірінде баспанаға зәру көп балалы аналар аз емес. Олардың басым бөлігі жалдамалы пәтерлерде тұрып, әзер күндерін көріп жүр. Аналардың мұң-мұқтажын тыңдау үшін Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов пәтер ала алмай жүрген жандармен кездесу өткізді.

Ақтөбе қаласының әкімі көп балалы аналармен кездесті

Баспана мәселесін даулап келген көп балалы аналардың алдында қала басшысы саладағы проблемаларды барынша түсіндіріп, жан-жақты мағлұмат берді. Жиналғандарды кез келген ұсақ-түйекке шу көтере бермей, нақты мәселемен үн қатыуға және уақытша қиындықтарға сабырлы болуға шақырды. 

«Ең бастысы, тұрғын үй кезегінде тұрған 24 мың баспанаға мұқтаж отбасының өтініші жыл аяғына дейін қаралатын болады. Оларды қолжетімді баспанамен қамтуға барлық мүмкіндіктер жасалатынына сендіргім келеді. Бұл бағытта қалада қыруар шаруалар қолға алынуда», - деген Ілия Испанов кезекте тұрғандардың арасында қай санаттағы отбасылардың тез арада пәтер ала алатынын түсіндірді. 

Пәтер мәселесін даулап келгендердің арасында 2009 жылдан бері жалдамалы баспанада тұратын Амангүл Сырымбетова да бар. Үш бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана тапқан-таянғаны пәтерақы төлеуден аспайтынын, балаларының қажеттіктеріне қаражат жетіспейтінін айтты. «Базарда саудамен айналысып күн көріп жүрген маған әкімдік ең болмаса ай сайын өзім арендасын төлеп отырған шаңырақты сатып әперсе», - дейді ол. 

Айта кетейік, баспаналы болу үшін көрсетілген талаптарға сай үй кезегінде тұрғандардың Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде 6 ай бойы жинаған қаржысы болуы шарт. Ал басқа банктердегі несие қарызын уақытында төлей алмаған жағдайда оларға қолжетімді баспана берілмейді. Бағдарламаның санаттық деңгейі көп балалы аналар мен толық емес отбасыларға арналған.


Соңғы жаңалықтар