05 Ақпан, 2013

Абай мектебіндегі игі дәстүр жалғасын таба бермек

495 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Абай мектебіндегі игі дәстүр жалғасын таба бермек

Сейсенбі, 5 ақпан 2013 7:31

Зайсан ауданының іргесіндегі Қарабұлақ ауылындағы Абай атындағы орта мектепті соңғы бес жылдан бері аудандық мәслихаттың депутаты, өз ісінің білгірі Гүлнар Уатханқызы Ақтанова басқарып келеді. Мұның алдында осы ұжымда ұстаз, оқу-тәрбие жөніндегі орынбасар болып қызмет істеген Гүлнар Уатханқызының еңбек өтілі 33 жыл екен. Ауылдастары құрметіне бөленген, қашан да халықтың сөзін сөйлеп, жоғын жоқтап, қоғамдық жұмыстардың бел ортасынан табылатын іскер ұстаз бізді жылы қарсы алып, мектептің екінші қабатына бастады.

Сейсенбі, 5 ақпан 2013 7:31

Зайсан ауданының іргесіндегі Қарабұлақ ауылындағы Абай атындағы орта мектепті соңғы бес жылдан бері аудандық мәслихаттың депутаты, өз ісінің білгірі Гүлнар Уатханқызы Ақтанова басқарып келеді. Мұның алдында осы ұжымда ұстаз, оқу-тәрбие жөніндегі орынбасар болып қызмет істеген Гүлнар Уатханқызының еңбек өтілі 33 жыл екен. Ауылдастары құрметіне бөленген, қашан да халықтың сөзін сөйлеп, жоғын жоқтап, қоғамдық жұмыстардың бел ортасынан табылатын іскер ұстаз бізді жылы қарсы алып, мектептің екінші қабатына бастады.

– Мектебіміз ескі болғанымен, сонау 90-жылғы зілзала кезінде сыр бермеді. Аздап жөн­деп алғанбыз. Аудан әкімі Серік Зайнулдин үне­мі қамқорлық жасап тұрады. Қазір білім ор­дасында 388 оқушы бар, мектеп алдындағы даяр­лықты қосқанда балалар саны 454. 50 орындық балабақша да біздің мектептің ішінде, жалпы саны 202 оқушыға тегін тамақ беріледі, – деп мектеп директоры біраз жайдан хабардар етті.
Екінші қабаттағы Абай мұражайы құн­ды кітаптар мен Хакім ақын жайлы шығар­ма­лармен толықтырылған, сарғайған мақалалар мен ескі журналдардан да қажетті мағлұматтар ала аласыз. Мұның алдында ғана Абайдың шөбересі, Зайсанда тұратын, жасы 90-ға жа­қын­дап қалған Гүлзипа Исрайлова мектеп оқушыларымен кездесіп, атасы жайлы есте­ліктер айтыпты. Абай мұражайында ауыл тарихы туралы сыр шертетін мәліметтер де аз емес екен.
– Абай мектебінен түлеп ұшқандар қатарында талант иелері көптеп саналады. Осы ұядан бірнеше ғылым докторы, алты ғылым кандидаты түлеп ұшқан, – деп әңгімеге араласты Зайсан аудандық мәслихатының хатшысы Дәулет Ыдырышев. – Белгілі ақын Есет Әукебаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күміскөмей әнші әрі сазгер Дәлел Уәш, жүзден астам халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін дайындаған білікті бапкер Жанәділ Атаев, ғылым кандидаты, спорт маманы Еркін Уанбаев, танымал журналис­тер Сұңғат Әліпбаев, Ермұрат Бапи, Болат Нәсіпбаев та осы мектептен білім алған.
Өңір басшысы Б.Сапарбаевтың бастамасымен Шығыстың барлық аудандары мен ауылдарында қанат жайған «Туған елге – тағзым!» акциясы бойынша кезінде осы білім ордасынан түлеп ұшқан шәкірттер кіндік қаны тамған ауылдарына қайырымдылық қолын созыпты. Үш сыныпқа кіреберісте ілулі тұрған «Мектеп түлектерінің тартуы» деген жазуға көзіміз түсті. 2010, 2011, 2012 жылдары түлектер сы­ныпты қажетті оқу құралдарымен, теледидар, компьютер , тоңазытқышпен жабдықтап қойыпты.
Мектеп оқушылары түрлі олимпиадалар мен байқаулардан да табысты оралуда. Атап айтқанда, 10-шы сынып оқушысы Тол­­ғанай Қалиолданова биология пәні бойынша облыстық сайыста екінші, ал, Әйгерім Қа­сы­­мова химия пәнінен үшінші орынға ие болыпты.
Білім мен еңбек егіз. Абай мектебінің ұстаздары осы қағидаға берік. Жаз кезінде екі гектарға картоп, жарты гектарға көкөніс өсіріп, пайдасын көріп отыр. Өткен жылы 2800 кило картоп, 1150 кило сәбіз, 913 кило орамжапырақты мектептің қосалқы ша­руа­шы­лығынан жинап алған. Ол ол ма, мектеп ұжы­мы осындағы шаруа қожалықтарымен ке­лісімге отырып, көкөністі арзан бағамен алуда. Дәулет Тантыбаев деген азамат бір тонна картоп түсіріп беріпті.
Мектеп жанындағы жылыжайға келдік. Мұндағы қиярды жақында жинап алыпты. Жаңасын отырғызу басталыпты. Ол үш айда піседі, ар жағында бақша маусымы басталады, – дейді директор Гүлнар қарындасымыз.
– Жазда мектеп маңы ағаштың жаңа түр­лерімен толығады, гүлдер бүршік жарған кез­де хош иістен бас айналады, рахат, неше түрлі жануарлардың сұлбасын жасап, ба­ла­лардың табиғатқа деген жанашырлығын оя­тудағы ұстаздардың белсенділігіне еріксіз риза боласыз, – деп аудандық білім беру бөлімінің бастығы Сәния Әбдіғалиева әңгімені толықтырды. Оның айтуынша, жаз шыға аудан әкімі Серік Зинабекұлының бастамасымен барлық мектептер апта сайын сенбілікке шығып аулалар мен көшелерді көркейтуге атсалысады, ағаш көшеттерін отырғызып, тұрмысы нашар жандарға көмектеседі. Ал, бұл үлгілі істің басы-қасында мектеп ұстаздары да жүретіні шындық. 
Оңдасын ЕЛУБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Шығыс Қазақстан облысы.
Зайсан ауданы.
Суретте: мектеп жанындағы бала бақша сәбилері «Қара жорғаны» билеп тұр.