Спорт • 23 Мамыр, 2019

Биылғы әлемдік додаларда қай ел қанша жүлде алды?

883 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы жылдың алғашқы бес айында жазғы Олимпия ойындарының бағдарламасына енген спорттың үш түрі бойынша әлем чемпионаттары аяқталды. Бұл бәсекелер таэквондо, велотрек және үстел теннисінен өтті.

Биылғы әлемдік додаларда қай ел қанша жүлде алды?

Осы үш жарыстың қорытындысы бойынша Голландия құрамасы ең жақсы нәтижеге қол жеткізіп отыр. Қызғалдақтар елінің өкілдері 5 алтын және 1 күміс медальді олжалады. Екінші орында – Қытай. Аспанасты елінің өрендері 3 алтын, 3 күміс және 4 қоланы қоржынға салды. Үшінші сатыға Австралия тана тіреді. Жасыл құрлық спортшыларының еншісінде 3 алтын және 3 күміс медаль бар. Сондай-ақ, «ТОП-10» команданың қатарына Ұлыбритания (3+1+2), Гонконг (2+0+0), Оңтүстік Корея (1+1+3), Германия (1+0+2), Жаңа Зеландия мен Әзірбайжан (1+0+1) және Куба мен Таиланд (1+0+0) сынды мемлекеттер бар.

Жоғарыда аталған спорт түрлері арасынан Қазақстан таэквондодан бір қолма медальға қол жеткізді. Оның иегері   – 74 кило салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Қайрат Сарымсақов.

Ал алдағы екі айда тағы төрт спорт түрінен әлем чемпионттарының жалауы желбірейді. Олар – жағажай волейболынан (28 маусым-7 шілде, Гамбург), стенд атудан (30 маусым – 11 шілде, Лонато),  желкенді спорттан (1-9 шілде, Сакаиминато) және су спорт түрлерінен (12-28 шілде, Гванджу).