Қоғам • 24 Мамыр, 2019

Қазақстанның барлық аймағында онкологтар мең, қалдарды тегін тексереді

1342 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

25 мамыр күні Қазақстанның барлық аймақтық онкологиялық мекемелерінде Ашық есік күні өтеді. Ашық есік күні онколог-мамандар меланомаға және тері обырына тегін тексерістер өткізеді және тегін кеңес береді.

Қазақстанның барлық аймағында онкологтар мең, қалдарды тегін тексереді

Егер сізде дақ, түйін немесе теріңізде жалтырақ түйіншек пайда болса, дақ немесе меңіңіз өсе бастап, өз қалпын өзгертсе, дақ немесе мең түсін өзгерте бастаса, адыр-бұдыр болса,  меңнің орнында қабыршықтану немесе қышу пайда болса, қанаса және суланса онда онкологқа қаралу қажет, дейді дәрігерлер.

Қазақстанның аймақтық онкологиялық мекемелері таңғы 09.00-дан бастап, түскі 14.00-ге дейін  төмендегі адрестер бойынша қабылдаулар жүргізбек:

1. ҚР ДСМ Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты, Алматы қаласы, Абай даңғылы 91 үй;

2. Алматы қаласы: Алматы онкологиялық орталығы, Папанин көшесі, 220;

3. Алматы өңірлік онкологиялық орталық, Алматы қаласы, Демченко көшесі, 83;

4. Нұр-Сұлтан қаласы: қалалық онкологиялық орталығы, Манас көшесі, 17;

5. Көкшетау облыстық онкодиспансері, Ақан-Сері көшесі, 1/б;

6. Ақтөбе облыстық онкодиспансері, Жаңақоныс ықшам ауданы, 8;

7. Талдықорған облыстық онкодиспансері, Абай көшесі, 316;

8. Атырау облыстық онкодиспансері, Владимирский көшесі, 2;

9. Өскемен облыстық онкодиспансері, Серікбаев көшесі, 1

10. Семей ядролық медицина және онкология орталығы, Кутжанов көшесі,3;

11. Тараз облыстық онкодиспансері, Әзербаев көшесі, 156;

12. Орал облыстық онкодиспансері, Алматинская көшесі, 58;

13. Қарағанды облыстық онкодиспансері, Кривогуз көшесі, 189;

14. Қызылорда облыстық онкодиспансері, Абай даңғылы, 65;

15. Қостанай облыстық онкодиспансері, Көбеев көшесі, 2;

16. Ақтау облыстық онкодиспансері, 26 ықшам ауданы 71/6;

17. Павлодар облыстық онкодиспансері, Мир көшесі, 41;

18. Петропавл облыстық онкодиспансері, Әуезов көшесі, 133;

19. Түркістан облысы, облыстық онкологиялық диспансері: Шымкент қаласы, Құрманбеков көшесі, 2

20. Шымкент қаласы: Қалалық онкологиялық орталық, Байтұрсынов көшесі, 85а.


АЛМАТЫ