01 Наурыз, 2013

Десантшылар өмірінің бір күні

454 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Десантшылар өмірінің бір күні

Жұма, 1 наурыз 2013 7:07

Қыс айлары Қарулы Күштер үшін қарбаласқа толы. 2013 жылғы оқу бағдарламасына сәйкес әскерлерде бірінші жартыжылдыққа жоспарланған іс-шаралардың дені жауынгерлік әзірлікті арттыруға арналған.

Астанада шоғырланған десантты-шабуылдаушылар бөлімі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап жеке құрамының бір күндік жауынгерлік қызметін көрсетті. Бүгінде осы бөлімдегі десантшы сарбаздардың оқу дайындығы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Оқу-материалдық база жеткілікті. Нұсқаушылардың денін жоғары білікті офицерлер құрайды.

Журналистер десантшылардың оқу-жаттығулары өтіп жатқан бірнеше оқу нүктесінде болып, олардың күнделікті жауынгерлік дайындықтарына куә болды.

Десантшы-жауынгерлер алдымен әуе десанты кешенінде өткізілетін жаттығуларымен тәнті етті. Одан соң кедергі жолағындағы күрделі қимылдарды пысықтады. Бұл жерде әрбір әскери қызметші үшін міндетті түрде атлетизм, тез арада шешім қабылдау сияқты қасиеттерді игеру шарт.

Елордадағы десантшылар бөлімі құрылған күннен бері астанамызда өтіп тұратын мемлекеттік және халықаралық саяси маңызы бар іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысып келеді. Осыдан бірер жыл бұрын бас қа­­ла­­­мызда болып өткен Азиада ойындары мен ЕҚЫҰ сам­митінде қауіпсіздікті бақылауға тартылған болатын. Осын­дай мемлекеттік маңызы бар іс-шаралардағы арнайы жабдықталған блог-бекеттердегі қызметін олар бүгін де жұрт назарына ұсынды.

Одан соң десантшылар бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап бөлім қолданысындағы заманауи байланыс құралдарының мүмкіндіктерін көрсетті. Жеке қарудан атып, жаттығып жатқан жауынгерлердің сабақтарымен танысты.

Көгілдір беретті десантшылардың жауынгерлік әзірлігін жекпе-жек ұрысынсыз елестету мүмкін емес. Мұздай қару­лан­ған, шыныққан шымыр жігіттер көрсеткен бұл ұрыс түрі­нің элементтері десантшылардың ержігіт деген атқа ла­йық екенін тағы бір рет дәлелдеді. Одан соң журналис­тер бөлімнің бронедромында болып, Т-72 танкісінің жа­уынгерлік мүмкіндіктерін бақылады.

Журналистерге шағын сұхбат берген бөлім командирі генерал-майор Алмас Жұмакеев:

– Біздің сарбаздар күнделікті оқу-жаттығулар барысында кәсіби тәжірибелерін жетілдіріп, жауынгерлік шеберліктерін арттыруға мүмкіндік алады. Сол себепті десантшыларға жүктелер негізгі тапсырма моралдық жағынан тұрақты, денсаулығы мықты, сауатты, кез келген тапсырманы орындауға қабілетті кәсіпқойды дайындау болып табылады, – деді.

Дастан КЕНЖАЛИН,

«Егемен Қазақстан».