01 Наурыз, 2013

Азаматтық парызымыз

352 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Азаматтық парызымыз

Жұма, 1 наурыз 2013 7:15

Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғалы тура 18 жыл болып қалыпты. Әлемде теңдесі жоқ бұл институт өз құрамына қазіргі таңда 820-дан астам этномәдени бірлестіктің басын біріктіріп, елімізде азаматтық қоғам мен мемлекет мүмкіндіктерін жұ­мылдыратын қоғамдық келісімнің басты тетігіне айналып отыр. Бү­гінде Қазақстан халқы Ас­сам­блеясы этностық немесе ді­ни белгісіне қарамастан Конс­титуциямен ке­пілдік берілген азаматтық құқықтар мен бос­тандықтарды толығымен иеленетін және пайдаланатын, әрбір аза­маттың өзіндік ерекшелігін да­мытуға мүмкіндік жасайды.

Жұма, 1 наурыз 2013 7:15

Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғалы тура 18 жыл болып қалыпты. Әлемде теңдесі жоқ бұл институт өз құрамына қазіргі таңда 820-дан астам этномәдени бірлестіктің басын біріктіріп, елімізде азаматтық қоғам мен мемлекет мүмкіндіктерін жұ­мылдыратын қоғамдық келісімнің басты тетігіне айналып отыр. Бү­гінде Қазақстан халқы Ас­сам­блеясы этностық немесе ді­ни белгісіне қарамастан Конс­титуциямен ке­пілдік берілген азаматтық құқықтар мен бос­тандықтарды толығымен иеленетін және пайдаланатын, әрбір аза­маттың өзіндік ерекшелігін да­мытуға мүмкіндік жасайды. Рес­публикамыздағы әрбір этнос – қоғамның маңызды әрі жарасымды бөлігі болып табылады. Сондықтан да олардың мәдениеті мен тілін, дәстүрін одан әрі іл­герілетуге қажетті жағдайдың бәрі бар. Мәселен, 72 жалпы білім беретін ұлттық мектепте оқыту этнос тілдерінде жүргізілсе, ал 143 мектепте аралас білім беріледі. 195 этно-ағарту кешендері мен лингвистикалық мектептер ашыл­ған. 14 орыс және ұйғыр, кәріс, неміс (ТМД-да жалғыз), өзбек ұлттық театр­лары жұмыс істеуде.

Республикада Ассамблеяның көпфункциялы ресурстық ор­талықтары ретінде 10 Достық үйі, Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайы қызмет атқаруда. 35 этностық БАҚ (11 тілде) жарық көруде, ҚХА жанынан журналистер мен сарапшылар клубы құрылды. Соның ішінде Қазақстанда тұратын түрік этносының «Ахыска» этномәдени орталығы да қызметін ойдағыдай атқарып отыр. Ел аумағының барлық өңірлерінде филиалдары бар. «Ахыска» газеті 3 тілде жарық көреді. Алматы облысында біздің орталық тарапынан әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы бойынша 1 жаңа орта мектеп ашылып, әл-ауқаты төмен балаларға талапқа сәйкес орта білім берілуде. Елбасымыздың алдымызға қойған мемлекеттік тілді меңгеру тапсырмасы аясында толыққанды жұмыс атқарудамыз. Қазақстан түріктерінің 80%-ы мемлекеттік тіл­­ді еркін біледі. Қазақстандық па­триотизмді әрбір азаматқа жет­кізу, осы бағытта тәлім-тәрбие беру біздің бірлестігіміздің бас­ты мақсаттарының бірі екендігі анық. Елімізде тұрақтылықтың, бей­­бітшілік пен келісімнің үнемі сақ­талуына атсалысып, қоғамда бе­­реке-бірліктің нығаюына үле­сі­міз­ді қоса бермекпіз. Бұл – біздің аза­­маттық парызымыз.

Әскер ПИРИЕВ,

Астана қаласы «Ахыска» түрік этномәдени

қоғамдық бірлестігінің төрағасы.