Әлем • 25 Мамыр, 2019

Ялчын Топчу: Н. Назарбаев Түркі әлемі тарапынан берілген әрбір атақ пен дәрежеге толығымен лайық

1442 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркі әлемінің Ақсақалы Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығы әрі Түркия – Қазақстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың нығайа отырып дамуын, әрі Түркі кеңесінің құрылып осы күнге жетуін қамтамасыз етті.

Ялчын Топчу: Н. Назарбаев Түркі әлемі тарапынан берілген әрбір атақ пен дәрежеге толығымен лайық

Түркі кеңесін құру пікірінің авторы Назарбаев 1992 жылдан бүгінге дейін өткен 15 Түркі тілдес мемлекет басшыларының саммитінің бәріне қатысып, Түркі кеңесінің көптеген жобаларының іске асуына мұрындық болды.

Біздің Ақсақалымыз Түркі әлемінің ауызбірлігі үшін аса маңызды жұмыстар атқарды. Ол Түркі әлемі елдерінің бір-бірімен қарым-қатынастарының дамытылуымен қатар, басқа елдермен және халықаралық ұйымдармен де ынтымақтастықтарының нығайтылуы үшін орасан зор үлес қосты.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті ретінде Назарбаев Қазақстанның Еуразияда елеулі күшке және халықаралық аренада абыройлы елге айналуына қол жеткізді.

Ақсақалымыз Қазақстанның көршілерімен, аймақтағы елдермен бейбіт қарым-қатынастарда болуын қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның халықаралық қатынастардағы белсенділігін арттырды.

Ақсақалдың жетекшілігіндегі Қазақстан әлемде шынайы атомдық қауіпсіздік және бейбітшіліктің орнауы үшін қолындағы атомдық қару-жарақтан өз еркімен бас тартқан және оларды жойған алғашқы мемлкет ретінде тарихқа кірді.

Азиядағы ынтымақтастық және сенім шаралары жөніндегі конференция ұйымының құрылуы Ақсақалдың бастамасы және төккен терінің арқасында мүмкін болды.

Ата жұртымыз Қазақстан 2017 – 2019 жж. кезеңде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды.

Ата жұртымыз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы, Түркі әлемінің Ақсақалы және көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев үшін Президентіміз Режеп Тайып Ердоғанның аса биік баға беруінің нышаны ретінде жасаған осы ұсынысы барлық мүше-мемлекеттердің басшыларының бірауыздан қабылдап, Ақсақалымызға Түркі кеңесінің өмір бойы құрметті төрағасы атағы беріліп отыр.

Н. Назарбаев, өзіне халқы және көшбасшысы болып отырған Түркі әлемі тарапынан берілген әрбір атағы мен дәрежесіне толығымен лайық. Құдыретті Алла Ақсақалымызды сақтасын, әрқашан арамызда көруге жазсын, абыройын асқақтата берсін.

Ялчын Топчу

Түркия Республикасының Президенті Бас кеңесшісі