Үйеңкі жапырақтар елі өкілінің Ұлттық хоккей лигасында (ҰХЛ) жиған тәжірибесі бар. Ол 28 жаста. Бойы – 188 сантиметр, салмағы – 91 кило. Әр жылдары Корбан Найт «Калгари Флэймз», «Флорида Пантерз» және «Филадельфия Флайерс» клубтары сапында өнер көрсетті.
ҰХЛ-дың тұрақты біріншілігінде ол барлығы 52 ойын өткізіп, 12 ұпай жиды. Яғни төрт гол соғып, 8 мәрте нәтижелі пас берді. Ал Америка хоккей лигасында (АХЛ) Найт 299 рет мұз айдынына шығып, 179 (67 гол+112 пас) ұпайға иелік етті.
Осылайша ҚХЛ-дың 2019-2020 жылдардағы маусымы қарсаңында «Барыстың» сапы төртінші жаңа ойыншымен толығып отыр. Канадалық Корбан Найттан бөлек, бұған дейін жерлестеріміз Никита Клещенко мен Леонид Метальников және Финлияндия құрамасының шабуылшысы Ииро Пакаринен астаналық клубпен келісімшартқа отырған болатын.