Спорт • 28 Мамыр, 2019

Футбол: Бельгия мен Сан-Мариноға қарсы кімдер ойнайды?

975 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылы жалауы желбірейтін футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы келесі айдың алғашқы жартысында екі жолдастық кездесу өткізеді.

Футбол: Бельгия мен Сан-Мариноға қарсы кімдер ойнайды?

Тарқатып айтсақ, 8 маусымда сырт алаңда Бельгияға қарсы ойнаймыз. Араға үш күн салып, «Астана Аренада» Сан-Мариноны қабылдаймыз. Ұлттық құраманың бас бапкері Михал Билек осы кездесулерде мына ойыншыларға сенім артып отыр:

Қақпашылар – Стас Покатилов («Қайрат»), Дмитрий Непогодов («Ордабасы»), Игорь Шацкий («Шахтер»);

Қорғаушылар – Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко («Астана»), Гафуржан Сүйімбаев, Ян Вороговский («Қайрат»), Александр Марочкин («Қайсар»), Сергей Малый, Темірлан Ерланов («Ордабасы»), Олжас Керімжанов («Жетісу»);

Жартылай қорғаушылар – Юрий Перцух(«Астана»), Бауыржан Исламхан, Георгий Жуков, Исламбек Қуат («Қайрат»), Асхат Тағыберген («Қайсар»), Александр Меркель («Хераклес», Голландия), Максим Федин, Азат Нұрғалиев («Тобыл»), Бахтиер Зайнутдинов («Ростов», Ресей);

Шабуылшылар – Бауыржан Тұрысбек («Тобыл»), Абат Айымбетов («Ақтөбе»), Тоқтар Жаңғылышбай («Ордабасы»).