09 Сәуір, 2013

Көрші өңірде болып қайтты

239 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Көрші өңірде болып қайтты

Сейсенбі, 9 сәуір 2013 1:47

Өткен жұма күні Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасы шеңберінде көршілес жатқан Оңтүстік Қазақстан облысының меймандарын қарсы алды. Бұл жоба ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚХА-ның ХVІІ сессиясында берген тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып отыр.

Сейсенбі, 9 сәуір 2013 1:47

Өткен жұма күні Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасы шеңберінде көршілес жатқан Оңтүстік Қазақстан облысының меймандарын қарсы алды. Бұл жоба ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚХА-ның ХVІІ сессиясында берген тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып отыр.


Оңтүстік өңірлер еліміздің өндірістік және аграрлық әлеуетін арттыруда ерекше рөл атқарады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Алматыда оңтүстік облыстар әкімдерінің есептерін тыңдаған кезде айтылған болатын.

Облыс өңірлік жалпы өнімнің 9 пайыздық өсіміне қол жеткізіп отыр. Экономиканың негізгі салаларына инвестициялар ұлғайса, кедейлік деңгейі төмендеп, өмір сапасы жақсара түскен.

Өңірде жасыл экономиканы дамытуға қызығушылық басым. Атап айтқанда, таяудағы үш жылда тоғыз баламалы жаңа энергия көзі жоспарлы қуатына шыққан кезде ол 185 мегаватты құрайтын болады. Тартылған инвестициялар сомасы 390 млн. АҚШ долларын құрайды. «Әулиеата» әуежайының ұшу-қону жолағы қайта жаңғыртылып жатыр. Облыста шағын су қоймаларының құрылысын салу саясаты жүргізіліп келеді. Индустрияландыру карталары жобасы жүзеге асырылуда.

– Біздерде қонақтарға көрсететін де, айтатын да нәрселеріміз аз емес. Өңір көпұлтты және көпконфессиялы. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын­дағы табыстар тұрақты этнос­аралық ахуалдың, бейбітшілік пен келісімнің, әр этнос өкілінің Қазақ­стан­ның игілігі үшін істеген жұмысының арқасында мүмкін болды, – дейді Жам­был облыстық Қазақстан халқы Ассам­блеясы хатшылығының меңге­ру­шісі Лариса Лысова.

Облыстық Ассамблея мен барлық этномәдени қоғамдық бірлестіктер белсенді жұмыс жүргізіп, тұрақтылық пен этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған саясатты жүзеге асырып келеді.

Мега-жоба аясында облыс орта­лығы мен өңір аудандарында жастар шаралары, «Көне Тараз – достық ау­ма­ғы» фестивалі өтетін болады. Жас­­тар «Біз – Қазақстан халқымыз!» флеш-мобын өткізуге жан-жақты дайын­дық үстінде.

Ал көрші облыстан келген қонақтар ұлт батыры Бауыржан Момышұлының Жуалы ауданындағы мұражайына барып, Ұлы Жібек жолы бойында жатқан Орталық Азияның жауһары – аты аңызға айналған Айша Бибі кесенесінде болды. Бұл орындарға әлемнің барлық елдерінен туристер келіп тұрады.

Облыстық Ассамблея қызметін көрсететін бейнероликтер мен бейнефильмдер, сурет көрмелері дайындап қойылған. Оларда өңірде өмір сүріп жатқан этностардың өмірлері туралы жан-жақты әңгіме қозғалады.

Бұл жолғы шара Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы қарсаңында ұйымдастырылды. Ассамблеяның барлық мүшелері – этнос­тар өкілдері осы форумды асыға күтіп отыр және онымен үлкен үміттерін байланыстырады. Ал сессияның ұраны кім-кімнің де жүрегіне жақын тақырып – «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» деп аталады. 

«Егемен-ақпарат».