Инновациялық ота түрлері
Сейсенбі, 16 сәуір 2013 2:09
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне қарасты медицина факультетінің клиника-диагностикалық орталығында шетелдің білікті дәрігерлері оқу-тәжірибелік семинар өткізуде. Түркияның Гази университеті медицина факультетінің ұстаздары әрі өз саласының алдыңғы қатарлы дәрігерлері травматолог-ортопед, доцент Ердинч Есен, уролог, доцент Февзи Фазлы Полат және анестезиолог, доцент Мұстафа Арслан медицина факультетінің студенттерінің теория жүзінде алған білімдерін тәжірибемен ұштастырып, ота жасаудың қыр-сырларын үйретуде. Сондай-ақ, шетелдік дәрігерлер жоғары мамандандырылған инновациялық ота түрлерін жасауда.

Оқу-жаттығу семинары барысында медицина факультетінің клиника-диагностикалық орталығында травматологиялық бағыт бойынша 11 науқасқа эндопротездік, 5 науқасқа артроскопиялық операциялар және урология саласы бойынша 10 науқасқа эндоскопиялық, реконструкциялық және ашық оталар жасау жоспарланған. Сонымен қатар, шетелдік дәрігерлер Оңтүстік Қазақстан және басқа облыстардан келген науқастарға тегін кеңестер беруде.
Қазіргі кезде клиникада Түркияда өз біліктіліктерін жетілдіріп, тәжірибе жинақтаған 15 маман табысты қызмет етуде.
Қайрат ЗАЙНИШЕВ.