Әлем • 29 Мамыр, 2019

Шешімін өткізе алмаған премьер отставкаға кетті

854 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

24 мамырда Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэй өзінің отставкаға кететінін жариялады. Алайда ол жаңа премьер-министр сайланғанға дейін өзінің міндетін атқара беретін болады.

Шешімін өткізе алмаған премьер отставкаға кетті

7 маусымда премьер-ми­нистр­ орынтағымен қатар ол­ биліктегі Консервативтік жә­не Юнионистік партиялар көш­бас­шылығынан да кетеді. Өзінің мә­­лімдемесінде Тереза Мэй Ұлы­­британия ханшайымын да өз­ шешімімен толық хабардар етке­нін айтты.

Премьердің отставкаға ке­ту себебі Ұлыбританияның Еуро­паның одақтан шығу туралы келі­сімді парламентке мақұлдата алмағандығы болып отыр. Brexit шарттары туралы келісім депутаттар тарапынан ғана емес пре­мьердің өз кабинетінің мү­шелері тарапынан да табанды қарсылыққа ұшырады. «Осы ке­лісімді мақұлдату үшін мен пар­ламентшілердің алдында қо­лымнан келгеннің бәрін жасадым. Бірақ өкінішке қарай үш рет ұсынсам да бәрібір оны өткізе алмадым. Сондықтан мен елдің мүд­десі үшін бұл жұмыспен жаңа премьер-министр айналысса дұрыс болатын шығар деген ше­шімге келдім», деді Тереза Мэй өзі­нің мәлімдемесінде. Сонымен бір­ге ол Англияны Еуроодақтан алып шыға алмағанына өкініш біл­дірді. «Енді референдумның нәти­жесіне құрметпен қарау­дың амалын табу менің ізбаса­рымның міндеті болады» деді ол. Мәлімдемесін аяқтағанда ол көзіне жас алып, дауысы діріл­деді. Әсіресе «мен өзім шексіз сүйе­тін еліме қызмет еткенімді мақ­тан тұтамын» деген сөздері оның көңілін босатқандай болды.

Айта кететін болсақ, Тереза Мэй – Ұлыбританияның Марга­рет Тэтчерден кейінгі екінші әйел премьер-министрі. 1956 жы­лы туған ол 2016 жылдың 13 шілдесінен Дэвид Кэмеронның орнына премьер-министр болып сайланған еді. Т.Мэй Ұлы­британияның ЕО-дан шығу туралы референдумында Brexit-ке қарсы болған адамдардың бірі. Алайда Д.Кэмерон отставкаға кеткенде өзінің кандидатурасын Консервативтік партияның көшбасшылығына ұсынып, билікке өткен. Биліктегі партия осы болған соң Т.Мэй премьер-министрлікке да сайланған болатын.