Президент • Кеше

Президент Финляндия халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Финляндия Президентін құттықтады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Президент Финляндия халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

— Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Александр Стуббқа Финляндияның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады. Президент хатта Суоми ұдайы экономикалық өрлеу, әлеуметтік әділдік және экологиялық орнықтылықты тиімді ұштастырып келе жатқан ел екенін атап өткен. Сондай-ақ Финляндия Президентінің таяуда Астанаға жасаған сапары екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін беріп, елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда нақты нәтижелерге жетуге мүмкіндік бергеніне тоқталған. Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Стуббтың жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас фин халқына бақ-береке тіледі, — делінген хабарламада.