Қазақстан • 29 Мамыр, 2019

Миссия басшысымен кездесті

837 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров еліміздегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ кезектен тыс президенттік сайлауды байқау жөніндегі миссия басшысы Уршула Гацекпен кездесті.

Миссия басшысымен кездесті

Кездесу барысында құқық қорғау мәселелері бойынша, соның ішінде азаматтардың сайлау құқықтарына, сайлау өткізуге, сөз бостандығы мен жиналыстарға қатысты пікір алмасылды.

Омбудсмен халықаралық байқау­шы­ны елдегі адам құқықтары­ның ахуалы, осы саладағы ұлттық заң­нама­ны жетіл­діру, сондай-ақ БҰҰ конвен­циялық ор­ган­дарының Қазақ­станға мерзімді баян­дамалар шеңберінде берген ұсыным­дарын имплементациялау туралы ­хабардар етті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау, демокра­тия­лық институттар мен құқық төрелігі негізгі құрам бөлігі болып табылатын қауіпсіздіктің адами өлшем шеңберінде Омбудсменнің ЕҚЫҰ құрылымдарымен ынтымақтастығын жалғастыру қажет­тігі туралы ортақ пікір білдірді.