Үкімет • 29 Мамыр, 2019

Өзара сауда көлемі өсіп келеді

817 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Асқар Мамин Үкімет үйінде Жапонияның Қазақ­стандағы Төтенше және өкілетті елшісі Тацухико Касаи­ды қабылдады, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Өзара сауда көлемі өсіп келеді

Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және ин­­вес­­тициялық ынтымақ­тас­тық­тың өзекті мәселелері тал­қылан­ды. 2018 жылы Қазақстан мен Жа­по­ния арасындағы тауар айналымы 54%-ға өсіп, $2 млрд құрады.

Инвестициялар, ауыл ша­руа­шылығы, технологиялар, инно­вациялар салаларындағы Қазақстан мен Жапония экономикалары арасындағы синергия келешегі қаралды. Та­рап­тар аталған бағытта екі елдің кәсіпкерлерінің іскерлік байланыстарын тереңдету­дің және жаңа инвестициялық мүм­кіндіктер іздестірудің ала­ңына айналатын Қазақстан – Жапония бизнес форумын өт­кізу мүмкіндігін талқылады. 

Үкімет басшысы стратегия­лық серіктестікті дамытудың ма­­ңыз­ды мәнін атап өтіп, Қа­зақ­станның технологиялық даму саласындағы өзара іс-қи­мылды нығайтуға деген қызығу­шылығын растады. Бұл өнеркәсіп кәсіпорындарында еңбек өнім­ділігін арттыруға жол ашады және екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін береді.