Үкімет • 29 Мамыр, 2019

Сотталған адамдарды беру шарты қаралды

944 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды және меди­цина­лық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамдар­ды беру туралы шартты ратификациялау туралы» заңының жобасы қаралды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Сотталған адамдарды  беру шарты қаралды

Шарт 2017 жылғы 24 сәуірде Вильнюсте жасалған болатын. Шарт­тың мақсаты – сотталған адам­дардың және медициналық сипат­­тағы мәжбүрлеу шаралары қол­данылған адамдар­дың өз­дері­нің аза­маттығы тиесілі қоғамға қай­та араласуына жәр­дем көрсету.

Шартқа сәйкес тараптар бір-біріне бас бостандығынан айыру­ға сотталған немесе медици­на­лық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамдарды бұдан әрі жазасын не емдеуін өздері азаматы болып табылатын мемлекетте өтеу үшін беруге міндеттенеді. Қазіргі уақытта Литвада Қазақстанның сотталған азаматтары жоқ және Қазақстанда да жазасын өтеп жатқан Латвия азаматтары жоқ. Осы Шарттың ратификациясы алдын алу сипатына ие.

Шартта сотталған адамдарды және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамдарды беру мен одан бас тарту үшін нақты негіздер көзделген.
Осы Шарт бойынша Қазақстан Республикасынан орталық мемлекеттік орган Бас прокуратура болып табылады.
 Заң жобасы Палата қарауына берілді.