Алпысқа келгеннен ақыл сұра
Бейсенбі, 18 сәуір 2013 2:17
Әйелдердің зейнет жасын ұлғайту мәселесі біраз уақыттан бастап айтыла бастады. Өз басым зейнетақы саласындағы өзгерістерді толық қолдаймын. Неге деген сауалға шама-шарқымша жауап беріп көрейін.
Біріншіден,Үкімет бірыңғай зейнетақы қорын құру, еңбекке жарамды тұрғындарды жұмыспен қамту арқылы олардың өздерін өздері асырайтындай жағдайға жеткізсе жаман болмас еді. Екіншіден, бүгінге дейін әйелдер 50-ден асқан соң жұмысқа орналасу жағынан қиындық көріп келгені белгілі.
Бейсенбі, 18 сәуір 2013 2:17
Әйелдердің зейнет жасын ұлғайту мәселесі біраз уақыттан бастап айтыла бастады. Өз басым зейнетақы саласындағы өзгерістерді толық қолдаймын. Неге деген сауалға шама-шарқымша жауап беріп көрейін.
Біріншіден,Үкімет бірыңғай зейнетақы қорын құру, еңбекке жарамды тұрғындарды жұмыспен қамту арқылы олардың өздерін өздері асырайтындай жағдайға жеткізсе жаман болмас еді. Екіншіден, бүгінге дейін әйелдер 50-ден асқан соң жұмысқа орналасу жағынан қиындық көріп келгені белгілі. Енді заң қабылдана қалса, жұмыс берушілер мұндай шектеу қоя алмайды. Үшіншіден, көптеген құрбыларыммен әңгімелескенде мына жайларға қанық болдым. Әйелдердің көбі 58 жастан зейнетке шығуды армандайды деп өз басым кесіп айта алмаймын. Себебі, өмірлік тәжірибесі мен білімін, білігін ел игілігі үшін жаратса жарасымды емес пе. Оның үстіне «ақылды алпысқа толғаннан сұра» деген сөз тегін айтылмаса керек. Зейнетке шығып алған соң өздерін қайда қоярларын білмей, қоғамнан тыс қалған құрбыларым «шіркін, ұжымыңмен бірге қызмет жасап жүргендерге қызығамын» деп айтып қалады.
Біздің ұжымда елуге тарта қыз-келіншек еңбек етеді. Бастапқыда олар әйелдердің зейнет жасын ұзартуға реніштерін білдіргені рас. Күні ертең жұмыстан қысқарып қалсақ, отбасымызды кім асырайды деген сауал да толғандырады. Бірақ «алқаның екінші жағы бар» дегендей, ойланып-толғана келе түбі бұл жаңғыртудың тиімді болатынына көз жеткізгендей. Егер дені сау, жағдайы мен жұмысы болса, әрбір адамның шамасы жеткенше қызмет еткені жөн болады деген ойдамын. Оның үстіне Үкімет қанша жасқа келсең де, қайта біліміңді жетілдіріп, мамандығыңды ауыстыруға жағдай жасап отыр. Ауыр жұмысқа жағдайың келмесе, аспазшы не тігіншінің оқуын оқып, жеңіл жұмысты төңіректе. Зейнетақы төлемдерін ай сайын тұрақты аударып тұрсаң, күні ертең оның рахатын көресің.
Тілеукеш ЖӘНІБЕКОВА,
Өскемен қаласы әкімдігінің №6 «Күншуақ» балабақша-бөбекжайының директоры.
Шығыс Қазақстан облысы.