Футбол • 29 Мамыр, 2019

Бүгін түнде Еуропа лигасының финалы өтеді

813 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мамырдың 29-нан 30-на қараған түні Әзірбайжанның бас шаһары – Бакуде УЕФА Еуропа лигасының финалдық ойыны өтеді. Беделі зор осы жарыстың бас жүлдесін Англияның қос клубы – «Челси» мен «Арсенал» өзара сарапқа салады.

Бүгін түнде Еуропа лигасының финалы өтеді

Осы күнге дейін айтулы командалар мынадай толғағай табыстарға қол жеткізген екен.

ЧЕЛСИ (Лондон) – Англияның алты дүркін чемпионы (1954/55, 2004/05, 2005/06, 2009/10, 2014/15, 2016/17), Чемпиондар лигасының жеңімпазы (2012), Чемпиондар лигасының финалисі (2008), Еуропа лигасының жеңімпазы (2013), Кубок иегерлері кубогының екі дүркін жеңімпазы (1971, 1988), УЕФА Суперкубогының иегері (1998), Клубтық әлем чемпионатының финалисі (2012)

Арсенал(Лондон) – Англияның 13 дүркін чемпионы(1930/311932/331933/341934/351937/381947/481952/531970/711988/891990/91

1997/982001/022003/04), Чемпиондар лигасының финалисі (2006), Кубок иегерлері кубогының жеңімпазы (1994), Кубок иегерлері кубогының екі дүркін финалисі (1980, 1995), УЕФА кубогының финалисі (2000), УЕФА Суперкубогының финалисі (1994).

Англия Премьер-лигасының соңғы маусымында «Челси» қола медальді иеленді. Олар 72 ұпай жиды. Доп айырмашылығы – 63:39. «Арсенал» бесінші орынға табан тіреді. Олар 70 ұпайды қоржынға салды. Доп айырмашылығы – 73:51.   

«Челси» мен «Арсенал» арасындағы УЕФА Еуропа лигасының финалдық сайысында италиялық төреші Джанлука Рокки қазылық етеді.

Соңғы жаңалықтар