Спорт • 29 Мамыр, 2019

«Ролан Гарроста» екі теннисшіміз ғана қалды

703 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның қос теннисшісі Франция астанасы – Парижде өтіп жатқан «Ролан Гарростың» жекелеген сайысының екінші кезеңіне шықты.

«Ролан Гарроста» екі теннисшіміз ғана қалды

Алғашқы айналымда үш жерлесіміз жеңілістің кермек дәмін татты. Атап айтсақ, Юлия Путинцева швециялық Ребекка Петерсоннан жеңілді – 3:6, 5:7.

Елена Рыбакина чехиялық Катержина Синяковаға есе жіберді – 6:7, 1:6.

Михаил Кукушкиннің словакиялық Марин Клижанға әлі жетпеді – 6:3, 7:5, 4:6, 2:6, 3:6.

Ал тұсаукесер кездесуде Зарина Диас франциялық Одри Альбиді 6:2, 6:2 есебімен оңай ұтса, Александр Бубликтің германиялық Рудольф Моллекерден мерейі үстем болды – 7:5, 6:7, 6:1, 7:6. Осылайша, жарыс жолында қос теннисшіміз ғана қалды.

Екінші кезеңде Зарина Диас бүгін Вероника Кудерметовамен кездеседі. 22 жастағы ресейлік ойыншы әлі биік белестерді бағындыра қоймағанымен, өзінің табандылығының арқасында қазіргі кезде WTA тізімінде 68-орында тұр.

Александр Бублик ертең Доминик Тиммен күш сынасады. Бұл күндері әлемнің төртінші ракеткасы атанып отырған Австрияның өкілі былтыр «Ролан Гарростың» финалында ойнаған. Оның басқа да толып жатқан табыстары тағы бар.