20 Сәуір, 2013

Бақ берерде елге ырыс қонады

415 рет
көрсетілді
15 мин
оқу үшін

Бақ берерде елге ырыс қонады

Сенбі, 20 сәуір 2013 0:41

«Бірлік бар жерде – тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл­ тегіннен-тегін айтыла­ салмаса керек. Ауызбірлік пен­ түсіністік, қарапайым сый­лас­тық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Қазақстанда қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының ар­қа­сында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Көпұлтты халқымыздың ын­ты­мақтастығы, бейбітшілігі мемлекетіміздің басты же­тіс­тігі, байлығы. Оны көздің қарашығындай сақтауға тырысуымыз керек. Ал жаңа қа­зақ­стан­дық патриотизм барлық қоғамды, барлық этносты бі­рік­тіруі тиіс. Бұл дегеніміз, ме­ніңше, әрбір Қазақстан аза­матының өзінен бастап, көп­ұлтты қоғамымызға барынша адал қызмет етіп, өз үлестерін қо­суы адами борышы деп білемін.

Сенбі, 20 сәуір 2013 0:41

«Бірлік бар жерде – тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл­ тегіннен-тегін айтыла­ салмаса керек. Ауызбірлік пен­ түсіністік, қарапайым сый­лас­тық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Қазақстанда қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының ар­қа­сында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Көпұлтты халқымыздың ын­ты­мақтастығы, бейбітшілігі мемлекетіміздің басты же­тіс­тігі, байлығы. Оны көздің қарашығындай сақтауға тырысуымыз керек. Ал жаңа қа­зақ­стан­дық патриотизм барлық қоғамды, барлық этносты бі­рік­тіруі тиіс. Бұл дегеніміз, ме­ніңше, әрбір Қазақстан аза­матының өзінен бастап, көп­ұлтты қоғамымызға барынша адал қызмет етіп, өз үлестерін қо­суы адами борышы деп білемін.

Ел ішіндегі ұлтаралық тату­лықты нығайтуда маңызды конс­титуциялық орган болып саналатын, әлем кеңістігінде теңдесі жоқ Қазақстан халқы Ассамблеясының Елбасы бас­тамасымен құрылуы – кө­ре­гендік пен болашақты бол­жаудың нәтижесі. Бұл Ассам­блеяның орны айрықша. Ол – бейбітшілік пен келісімді тиім­ді насихаттаушы қоғамдық институтқа, этносаралық және­ конфессияаралық толе­рант­тылықтың қазақстандық үлгісінің негізіне айналды.
Қазақстан өткен ғасырдың 40-жылдарындағы солақай саясатқа байланысты қоныс аударған әртүрлі ұлт өкілдеріне пана болды, одан соң тың игеру басталды. Қазақстанға КСРО-ның барлық республикаларынан 600 мыңнан астам адам келді. Олардың 350 мыңы жас­тар еді. Солардың көпшілігі тұ­рақтап қалып, осында өз Ота­нын тапты. Бір өлкеде тамаша өмір сүріп, тату болуға, жақ­сы жұмыс істеуге, отба­сын құру сияқты адамзат құн­дылықтарын меңгеруге біздің халқымыздың даналығы же­те­ді. Бұл орайда, Қазақстан хал­қы Ассамблеясы, оның ішін­де облыстық этномәдени бір­лестіктер ықпалды қоғамдық күшке айналған.
Қазақстанда барлық этнос­тың мәдени мұрасын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, ті­лін толыққанды жаңғырту мен дамытудың тұрақты ме­ха­низмі жүзеге асырылып келе­ді. Өңірімізді 108 этностың өкіл­дері мекендейді. Облыс аумағында 20 этномәдени бір­лестік және қалалар мен аудандарда олардың 51 филиалы жұмыс жасайды. Осы этно­мәдени бірлестіктердің жұ­мысына қолдау көрсету мақ­са­тында облыстық бюджеттен қаржы бөлінеді. Сонымен қатар, жыл сайын барлық этно­мәдени бірлестіктерге облыс әкімінің гранты беріледі, облыс әкімінің «Бауырмал» сыйлығы да белгіленген. Мәдени бірлес­тік­тер өзара тығыз қарым-қатынас орната отырып, әр жылы облыс жұртшылығының қатысуымен ұлттық мәдениет күндерін өткізіп келеді.
Қазақстандағы этномәдени бірлестіктердің достық қарым-қатынастарды өрістетіп, хал­қы­мыздың тарихын, салт-дәс­түрлерін насихаттайтын іс-шараларды көптеп ұйым­дастырулары қажеттігін Елбасы Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХVІІ сессиясында атап айтқан болатын. Осы негізде «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» шеруі еліміздің солтүстігі мен батысындағы бірқатар өңір­лерде жалғасын тапты.
Ұлт бірлігі ұйысқан Оңтүстік Қазақстан халқы мемлекетімізде жүріп жатқан барлық бастамаларды, тапсырмаларды атқаруда республикада бірегей болып көш бастап келеді десем, артық айтқаным емес. Оған негіз болатындай облысымызда көп ұлттан құралған, ынтымағы жарасқан адам ресурсы, күші жетерлік. Оны ұйымдастыратын жергілікті жердің басшылары, зиялы қауым ауылдан бастап аудан, облысқа дейін барлығы «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара» қызмет етуде.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың бұл өңірге жиі келіп, халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысып, қазынадан қосымша қаржы бөліп, ерекше қамқорлыққа алып жүргені де сондықтан деп ойлаймын.
Негізі, Тәуелсіз Қазақстан­ның ең қастерлі құндылығы – өзінің бостандығы мен хал­қымыздың санғасырлық қа­һар­мандық тарихының ажыра­мас асыл бөлігі. Өйткені, ақ пат­ша отаршылдығы кезінде тәуелсіздікті аңсаған, жүздеген көтерілістер мен ереуілдер жа­сап қынадай қырылған ха­лық батырлары мен қолдан ашаршылық жасап, «халық жауларын» жоюды ұйымдастырған қызылдар қырғынына ұшыраған ұлтымыздың зиялылары, алаш азаматтары, Ұлы Отан соғысы кезінде ерліктің ересен үлгісін көрсеткен аталарымыз бен апаларымыз, ХХ ғасырдың соңында ұлт мүддесі үшін бас көтерген 86-ның қасіретті кезеңін бастан кешкен өрімдей жас патриоттар азаттық жолында құрбан болды. Тәуелсіздік жолындағы мұндай ұмтылыстардың бәрі ел тарихының ең қастерлі парақтары ретінде әрқашан жадымызда сақталатын болады. Ел басына күн туған қилы замандарда да халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған ынтымағы мен бірлігі. Жаугершілік заманда басы ауған жаққа кө­шіп жүріп те берекесі мен қаза­нын ортайтпаған қасиетті, қа­на­ғатшыл тал бесік пен жер бесік арасындағы біреуге ұзақ, біреуге шолақ өмір жолдарында ешкімді өзекке теппей, өзгенің қызылына қызықпай, ұтымды іспен, орамды оймен, терең кемеңгерлікпен, ешқашанда тарылмаған кеңдігімен еліміз тамырын жаза, бұтағын жайқалтып, құшағын кеңейтіп келеді.
Осыншама қиындықпен келген тәуелсіздік рухымызды асқақтатып болашаққа деген сенімімізді күшейтті. Баба­лар жүріп өткен жолдың тарихи тағылымы бізге береке бас­тауы­ – бірлікте, ырыстың алды – ынтымақта екенін айқын көр­сетті. «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» данышпан Абай атамыз айтқандай, тағдыр жазмышымен біздің жерімізде то­ғысқан алуан ұлт пен ұлыс­тың, өзіміздің де береке-бір­лік, достығымызды өсіп-өркен­деуіміздің алтын қазығы ретінде ұстанып, болашаққа қарай адымдай беруге тиіспіз.
Бұл орайда, ынтымақ-бір­лікке шақырар ақсақалдықтың абырой-беделін арттыру – уақыт талабы. Өйткені, еліміз ежелден ел ағаларына, ардақты абыздарына, қағидасы қазыналы қарияларына қарап, ойын да, бойын да түзеген. Талантты тұлғаларына тәу етіп, тұтқалы тәжірибелерінен үлгі алған, еңселерін тіктеп, еңбекке де, ер­лікке де ақылмандардың ақ батасы арқылы бел байлаған. Бүгінгі егемен еліміздің мамыражай жағдайында аға ұр­пақтың қадірі арта түспесе ке­міген жоқ. Әрбір игілікті іс, толағай тірлік, бәтуалы бір­лік алаш асылдарының, ақ ниетті ақсақалдарының қолдап-қуат­тауымен, ақ жол тілеп алқа­лауымен жүзеге асып жатады.
Халқымыздың осындай­ қасиеттерін пір тұтқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі рес­публикада алғаш рет «Ырыс алды – ынтымақ» тақы­ры­бымен ел ақсақалдары мен азаматтарының басын қосып келелі кеңес өткізуді қолға алған болатын. Рухани астанамыз қасиетті Түркістанда бастау алып, «Дала парламенті» атанған мәртебелі «Мәртөбе» мен қасиетті Қазығұрт пен Ордабасыда, төрелігі толық Тө­леби мен Оңтүстіктегі жер жән­наты Түлкібас аудандарында осы кеңестер жарасымды жалғасын тапты. Ол 2011 жылдың мамырынан бері ресми түрде облыс әкімі төрағалық ететін облыс әкімі жанындағы «Ырыс алды – ынтымақ» қоғам­дық форумы мәртебесіне ие болды. Осы тұста айта кеткім келеді, облыстың аудан, қала әкімдіктерінің жанынан да «Ырыс алды – ынтымақ» қоғамдық форумдары отау тікті.
Көгілдір көктемді жетелеген Наурыз Оңтүстіктен бас­талады. Ал «Ырыс алды – ын­ты­мақ» жыл сайын жердің шы­райын ашар, көңіліңді шат­тыққа бөлер көктемде өтеді. Бүгінде бұл қоғамдық форум мызғымас бiрлiгiмiздi, берiк ауызбiршiлiгiмiздi, кiшiпейiл iзгiлiгiмiздi нығайта түсіп, игi iстердiң жалғасуына жол ашуда. Ежелден сөзге тоқтаған, ел арасында сыйлы, беделді ақсақалдың соңғы сөзін шешім етіп қабылдайтын халықтың ұрпағымыз ғой. Осы тұрғыда ауыл-аймақтардағы орын алған олқылықтарды жойып, шешімін күтіп жүрген күрмеуі қиын, күрделі мәселелерді жеделдету­ төңірегінде ақсақалдар кеңесі­нің ықпалы жоғары. Өз өмірінде сан-салалы білімдерін еңбектегі мол тәжірибесімен ұштастырып, бойдағы бар қазынасын ха­лық­қа жұмсаған данагөй ақ­са­қалдардан сайланған кеңес, негізінен, ауыл жастарын патриот­тық рухта тәрбиелеуге ұм­тылады. Ауыл-аймағын кө­галдандыру мен қоғамдық орындарда тазалық сақтау, саламатты өмір салтын насихаттау, темекі мен алкогольді ішімдіктердің адам ағзасына тигізетін зия­ны жөнінде үгіт-насихат жұ­мыс­тарын жүргізу, ауыл тұр­ғын­дарын имандылыққа, бауыр­мал­дыққа, ізгі қасиеттерге баулу, тұрмысы төмен отбасыларына көмек беруге ықпал ету сияқты мәселелермен айналысады.
Кеңес төрағасы тек ауылының әлеуметтік жағдайы ғана емес, тұрғындарының отбасылық қиындықтары мәселесін де қарап, шешу жолдары жайлы ұсыныс-пікірлерін жергілікті атқарушы органдардың қарауы­на ұсынады, мәселенің соңына дейін жетуін, оны бақылауды өз мойнына алады. Сөйтіп, мем­лекеттік органдарға күн сайын дерлік әртүрлі өтініш, арыз-шағымдармен толассыз келіп жататын азаматтардың, оларға жіберілетін жауаптардың санын, яғни қағазбастылықты біршама азайтуға әсер етеді.
Сондай-ақ, ел билеуге тө­селген турашыл да әділ ақса­қал­дардан сайланған «билер­ алқасының» да қоғамда алар орны ерекше. Ел ішінде кез­десетін «тентегін» сын те­зіне салатын, сахарада ерте­ден қалыптасқан билер ал­қа­сы бүгінде осынысымен құ­қық қорғау органдарының жұ­мысына көп септігін ти­гізуде. «Әр отбасының өз бас ауруы бар», ата-ана, туған-туыс, бауырға көнбейтін жас­өс­пірімдердің мәселесін көп бо­лып қолға алып, құқық бұзу­шылыққа баруының алдын алады, көршілер арасындағы дау-дамайды бейбіт жолмен шешуге көңіл бөледі. Сөйтіп, ел арасында алауыздықты болдырмай, достық пен ынтымақтастықты, елдің береке-бірлігін сақтауға өз үлестерін қосып жүрген билер алқасының қызметі әрдайым қажетті. Олар жергілікті ат­қарушы, құқық қорғау орган­дарымен және халықпен ты­ғыз байланыста жүріп ел ара­сындағы маңызды істердің ұйыт­қысы да болып отыр.
Осындай мақсатта жер­-жерлерде құрылған ақсақал­дар, билер институттары, әйелдер кеңесі, жастар ұйым­да­ры қоғамға өз үлестерін қо­суда. Мәселен, осы аталған қо­ғамдық ұйымдарда қаралған мәселелер бүгінде «Ырыс ал­ды – ынтымақ» қоғамдық форумы­ның күн тәртібінен орын алып, ауыл арасында күрмеуге кел­мей­тін тірліктер талқыға түседі, нәтижесінде, ел ағалары шешімін табуға ықпал етуде.
Соңғы кезде қоғамымызда жасөспірімдер мен мектеп­ оқушыларының және жас­тар­дың арасындағы қылмыс өсе түсуде. Бұл мәселеде ата-ана, мектеп, қоғамдық ұйымдар бір­лесе, бел шеше күнделікті тәр­бие жұмысымен айналысып, қоғамға сай лайықты ұрпақ өсіруіміз керек. Олардың сауатты маман әрі тиянақты қызметкер болуына ықпал ету азаматтық борышымыз. Себебі, білікті маман елдің ертеңін жасайды. Ал еңбекке қыры жоқ, еріншек жастар қылмыскерлер тобын арттырары сөзсіз.
Жалпы, жастар мәселесі өте өзекті әрі күрделі. Осы тұрғыда, былтыр Елбасының тапсырмасымен және облыс әкімінің тікелей қолдауымен респуб­ликада алғаш рет Оңтүстік Қа­зақстан облысында жастар сая­саты мәселелері жөнінде бас­қарма құрылған болатын. Хал­қымызда «Бақ берерде елге ырыс қонады, ұстанған жолы дұрыс болады» деген даналық сөз бар. Осы ұстаным бойынша, әрбір аудан, қалада өкілдіктері, жастар орталықтары жұмысқа кірісті. Сондай-ақ, бір терезе­ қағидаты бойынша жас кәсіп­кер­лерге қызмет көрсету орта­лықтары да алғаш рет біздің өңірде ашылды. Сөйтіп, жас кәсіпкерлерге қалай жұмыс істеу жөнінде көмек көрсетіле бастады. Тағы бір ерекшелігіміз, жас­тар үшін барлық аудандардың орталықтарынан кәсіпкерлік мектептер ашылды. Жастарға қатысты жұмыстардың атқа­рылу барысы жайлы облыстық мәслихаттың іс-жоспарына сәйкес, сессияның күн тәрті­бін­дегі басты мәселе ретінде қа­ралып, тиісті шешім шығарыл­ды. Міне, осылайша «Ырыс алды – ынтымақта» көтерілген жастар мәселесін шешуге ел ағалары, халық қалаулылары болып бірлесіп жұмыс жасаудамыз.
Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатында «Ел бірлігі» депутаттық тобы құрыл­ды. Топ құрамындағы халық қалаулыларының мақсаты, атауы айтып тұрғандай, мәдени бірлестіктермен бірлесіп, облыс халқының ынтымақ-бірлігіне қажетті жағдайларды жасау.
Облыс әкімі А.Мырзахметов­тің республика бойынша облыс әкімдерінің рейтингінде екінші орынға ие болуына оңтүстіктегі осы оң істер айғақ болса керек.
Әрине, халықтар арасындағы достық, ауызбіршілік, татулық бар жерде алынбайтын асу жоқ. Күні ертең Астана қаласында еліміздің экономикалық жетіс­тіктері, әлеуметтік игіліктері, саяси тұрақтылық пен мәдени өркендеу мәселелері сөз бола­тын, «Қазақстан-2050» Стра­тегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» күн тәртібімен өткелі отырған Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясының жұмысы жемісті болатынына сенімдімін.
Әбілқасым ДОСБОЛОВ,
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.
Оңтүстік Қазақстан облысы.

Ерлан ОМАРОВ.