Семинарға Қазақстанмен іскер ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытқан литвалық ірі компания өкілдері мен кәсіпкерлері қатысты. Халықаралық іскерлік басқосуда Қазақстанда бизнес саласын реттейтін нормативтік-құқықтық заңнамалардың негізгі қағидаттарын түсіндіру мен елімізге инвестиция тарту жолдарына басты екпін қойылды.
Шараға қатысушылар Қазақстанға инвестиция тарту, еркін экономикалық және индустриалды аймақтар, инвестициялық жеңілдіктер, сондай-ақ АХҚО қызметі туралы, жаңа кешенді «экожүйе» жөнінде толық ақпарат алды.
Салық саласының сарапшысы А.Махметов Қазақстанда шетелдік компания өкілдіктерін құру мәселесі жөнінде жан-жақты кеңес өткізіп (бизнесті тіркеу, шот ашу, ЭСҚ, қызметті лицензиялау), қазақстандық Салық кодексінің басым тұстарын атап өтті.
Бұдан басқа, сарапшы Қазақстандағы кеден рәсімдері туралы баяндап, ЕЭО елдеріне Қазақстан Республикасынан өнімдерді бажсыз шығарудың және «Қорғас-Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймақта жеңілдікпен шекаралық сауда жүргізу мүмкіндіктерін атап өтті.
Семинарға қатысушылар шараның маңыздылығын, терең мазмұны мен тиімді сипатын жоғары бағалады.