Негізгі бағыттары түсіндірілді
Сенбі, 20 сәуір 2013 0:53
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова зейнетақы жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында Қостанай облысында жұмыс сапарымен болып қайтты.
Министр сапары барысында Қостанайдағы №1 және №4 емханада, Рудныйда қалалық емханада, жуырда облыстағы екінші кардиологиялық орталық ашылған қалалық ауруханада және перзентханада болды.
С.Қайырбекова жұртшылықпен кездесулерінде Қазақстандағы зейнетақы жүйесін жаңғырту бір жағынан аталған жүйе жұмыс істей бастағаннан бергі кезеңде макроэкономикалық жағдайдың өзгеруіне, екінші жағынан зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінде болатын өзгерістерге байланысты екенін әңгімеледі.

Заңнамаға енгізілгелі жатқан өзгерістердің себептері, мысалы, әлемнің барлық еліне тән жұмыссыздық проблемалары және тұрғындар жасының ұлғаюы туралы айтылды. Қазіргі уақытта көптеген елдерде әлеуметтік қорғау саласында реформалар жүргізіліп, азаматтарды еңбек қызметін жалғастыруға ынталандыру шаралары атқарылуда. Үкімет әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын көтере отырып, олардың еңбекпен қамтылу деңгейін арттырып, жұмыс орындарының сақталуын қамтамасыз етеді. Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңда қарастырылған зейнеткерлікке ерте шығу мүмкіндіктері туралы әңгімеленді.
Жалпы, зейнетақы жүйесін жаңғырту Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құруды және зейнетақы жүйесінің тиімділігін көтеруді қарастырады. Сонымен қатар, жинақтаушы зейнетақы жүйесі қызметтерімен тұрғындарды қамту көлемін кеңейту, зейнетақы жасын біріздендіру, ерекше еңбек жағдайында жұмыс істейтіндер үшін кәсіби зейнетақы жарналарын еріктіден міндетті түріне ауыстыру сияқты мәселелер талқылануда.
«Егемен-ақпарат».