Аймақтар • 31 Мамыр, 2019

«Қасірет» мемориалында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған іс-шара өтті

1088 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкенттіктер «Қасірет» мемориалында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды.

«Қасірет» мемориалында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған іс-шара өтті

Шымкенттегі «Қасірет» мемориалында Кеңестік кесір саясаттың саяси қуғын-сүргініне ұшырағандар мен ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шара өтті.

Қаладағы «Албасты сай» атанып кеткен аумақта орналасқан «Қасірет» мемориалына қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен  ардагерлер қауымы арнайы келіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

«Біз тарихтағы зобалаң жылдарды ұмытпауымыз керек. Өткен тарихтың ауыртпалықтарынан сабақ алып қана, алға қадам басамыз. Келешекте мұндай қателікке жол бермеуіміз қажет. Қасіретті жылдарда құрбан болғандардың туған-туыстарына өз алғысымды айтамын. Бейбіт өмірдің қадірін білейік», деді қала әкімі.

Онан соң көпшілік қауым саяси-қуғын сүргінге ұшыраған бабаларды бір минут үнсіздікпен еске алды. Жиын соңында жиналған көпшілік далалық театр қойылымдарын тамашалады.