27 Сәуір, 2013

Ұлтты жасарту әйелдердің қолында

299 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Ұлтты жасарту әйелдердің қолында

Сенбі, 27 сәуір 2013 1:59

Қазіргі уақытта зейнетке шығу жасын ұлғайту мәселесі қоғамда қызу талқыланып жатыр. Оның ішінде, әлеуметтік-экономикалық ахуалды қалыптастыру мен дамытуға зор үлес қосып келе жатқан, сондай-ақ отбасында да күйбең тіршілікпен тыным таппайтын нәзік жандылардың зейнетке шығуын 63 жасқа дейін көтеру күн тәртібінен түспей тұр. Бұған біздің қоғам қаншалықты дайын?

 

Сенбі, 27 сәуір 2013 1:59

Қазіргі уақытта зейнетке шығу жасын ұлғайту мәселесі қоғамда қызу талқыланып жатыр. Оның ішінде, әлеуметтік-экономикалық ахуалды қалыптастыру мен дамытуға зор үлес қосып келе жатқан, сондай-ақ отбасында да күйбең тіршілікпен тыным таппайтын нәзік жандылардың зейнетке шығуын 63 жасқа дейін көтеру күн тәртібінен түспей тұр. Бұған біздің қоғам қаншалықты дайын?

Бір нәрсенің басы ашық. Зейнетке шығу жасын ұлғайту ұлттың қартаюына жол бермей, қоғамдағы бел­сен­ділікті арттыра­тыны сөз­сіз. Сонымен қатар, әйел­дер­дің зейнетақысын есептеуде де оларға қомақты қаржы тағай­ындауға мүмкіншілік бере­ді. Өйткені, еркектерге қарағанда жалақысы төмендеу әрі декреттік демалыс секілді түрлі жағдайлардан аз жұ­мысқа шығатын әйелдердің ертеңгі күні өздеріне тиесілі зей­нет­ақыны тағайындауда көп қар­жыдан қағылып жат­қанын өтірікке шығара алмаймыз. Оған еркектермен са­лыстырғанда әйелдердің өмір сүру жасының ұзақтығын да қосыңыз.

Қазіргі таңда аталған мә­се­лемен әлем де бетпе-бет келіп отыр. Оны әлемдік дағ­дарыспен салыстыратындар бар. Алайда, бұл үйде масыл болуды қаламайтын еңбекқор қартаң азаматтары бар, кез келген жастағы қоғам мүшелері жұмыс істеп нәпақа табуды жөн санайтын нарықтық экономикада қисынсыз деуге болады.

Әлемдік тәжірибеге сүй­ен­сек, зейнеткерлік жасты ұл­ғайтуды дамыған елдер де құп көреді. Мәселен, 2010 жылдан бері әйел­дер­дің зейнетке шығу жасы Гер­манияда – 67, Италияда – 65. Дания мен Норвегияда әйелдер зейнетке 67 жасында, Швейцарияда 64 жасында шығады. Ал хал­қы ең көп жасайды дейтін Жапонияда әйелдер мен ерлер өз еңбектерінің зейнетін 70 жасында, Австрия, Ис­па­ния, Канада, АҚШ, Шве­цияда 65-ке жеткенде көре алады.Соны­мен қатар, халықтың қартаю үде­рісін ескере келе, Ұлыбритания, Франция, Оңтүстік Корея, Чехия, Әзербайжан, Украина, Эстония зейнетке шығу жасын ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Осы орайда, зейнетке шығу жа­сын ұзартудың ас­тарынан басқа нәрсені ізде­ген жөн сияқты. Меніңше, оған қарағанда, осы жаң­ғыртулар негізінде қолға алынатын мәселелерді жан-жақты қарастырып, сүбелі де соқталы бағдарламаларды қабылдауды қолға алған дұрыс деп ойлаймын. Айталық, зейнеткерлік жас­қа шығуды ұзартуға байланыс­ты жұмыс берушілерге жасы ұлғай­ғандарды жұмыстан қысқар­туға шектеу қою секілді міндетті талаптарды күшейту керек. Жұмыссыздықпен күресті күшейтіп, жаңа жұ­мыс орындарын ашу, оны кө­бі­не ауылды жерлерде жолға қою қажет. Еңбек дема­лысын заңмен реттеу және оған қатысты санаторийге барып ем алу демалыстарын қаржыландыруды енгізген дұрыс. Әсіресе, ең ес­тен шығармауды қажет ететін ша­ра – аналардың өмірге ұрпақ әке­луіне барынша жағдай жасау.Экологиялық мәселелерді бірінші кезекке қойып, медициналық қыз­мет­ті көтеру, өндірістік жауап­кер­шілікті арттыру. Осы секілді өте күрделі мәселелерді назардан тыс қалдырмайтын болсақ, жолында жүк қалдырмайтын нәзік жандылар қандай жұмысқа болса да даяр.

Ақиқатын айту керек, үйде ұзақ отырып қалған әйел адамдар тез қартаяды. Сондай-ақ, зейнетке шықса да үйреншікті кәсібін қия алмай, талай жылдар бойы жұмыста жүрген апа-әпкелерімізді қай саладан да кездестіресіз. Бұл орта­ша өмір сүру деңгейінің ұзар­ғандығының көрсеткіші ғана емес, тәжірибелі мамандарға деген сұранысты білдіреді.

Жасында бейнет шексе де, қартайғанда зейнет көрудің қамын ертеден ойлаған біздің халқымыз ерте тұрып, кеш жатуды ұрпағына үлгі тұтуы тегін емес. Елдің ырысы артып, дастарқаннан дәмнің үзілмеуі де сол еткен еңбектің жемісі. Сондықтан, бұл менің пікіріме көптеген әріптестерім келіседі деп ойлаймын. Өйткені, кешегі нарықтық заман келгенде отбасы үшін барлық келеңсіздіктерге дайын екендігін дәлелдеп, ауыр қап арқалап аналардың көшеге шығып кеткенін де ешкім ұмыта қоймас.

Динар НӨКЕТАЕВА,

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық

университетінің ректоры.