«Shymkent» ӘКК басқармасының басшысы Рашид Аюпов балаларды мерекемен құттықтап, олардың белсенділік танытқан ата-анасына алғыс білдірді. Жәрмеңкені аралап, балалардың еңбегімен танысқан ол жасөспірімдердің өздері жасаған қолөнер бұйымдарын сатып алды.
«Өткен жәрмеңкеге қатысқан 70 баланың саны бұл жолы 90-ға артты. Біз алдағы уақытта балалардың жұмысын саралап, бірнеше бағытты дамытуға басымдық береміз», - деді Р.Аюпов.
Айта кетейік, мұндай жәрмеңкелер әлемнің 100-ден астам елінде өткізіледі. Жәрмеңкеге қатысу барысында балалар көшбасшылық, шешім қабылдау, қарым-қатынас дағдылары мен жауапкершілік сияқты қасиеттерді меңгереді.
Дайындық барысында балалар «Shymkent business school Y17» бизнес-мектебінде тренингтен өтті.
Саудадан түскен қаржының 10 пайызы нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернатта робототехника кабинетін жабдықтау жөніндегі жобаны қаржыландыруға жұмсалады.