Сайлау • 04 Маусым, 2019

1013 байқаушы аккредиттелді

962 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевтың басшылығымен комиссия отырысы өтті. Жиында «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы» ОСК мүшесі Зәуреш Баймолдина баяндама жасады.

1013 байқаушы аккредиттелді

Оның айтуынша, 2019 жылғы 3 мау­­­сымда Орталық сайлау комиссия­сы­­на Сыртқы істер минис­трлігінен Тә­­­уел­сіз Мемлекеттер Достастығынан бай­қаушылар миссиясының 11 бай­қау­шысын және ЕҚЫҚ/ДИҚАБ мис­сия­сының 2 байқаушысын аккредиттеуге ұсыныс түскен.

Сонымен қатар 7 шет мемлекеттен: Ұлыбритания, Кытай, Үндістан, Палестина, Ресей Федерациясы, АҚШ, Грузиядан 33 байқаушы ұсы­нылған кө­рінеді. Олардың ішінде Үндіс­тан мен Ресей Федерациясының орталық сайлау органдары өкілдері бар екендігін атап көрсеткен жөн. Осылайша аталған отырыста 46 бай­қау­шының барлығы аккредиттеуге шығарылды.

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу 2019 жылғы 12 сәуірде бас­талды және аккредиттеуді Орталық сайлау комиссиясы кеше 3 маусымда сағат 18.00-де аяқтады.

Халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу мәселесі ОСК-ның 6 отыр-ысында қаралды. Осылайша, Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын байқау үшін 1013 байқаушы аккре­диттелді. Оның ішінде 866 байқаушы 9 халықаралық ұйымнан және 147 бай­қаушы 41 шет мемлекеттен.

«Байқаушылардың жалпы саны­ның 43-і шет мемлекеттердің орталық сайлау органдарының өкілдері болып табылады. Сонымен қатар байқаушыларды жіберген мемлекеттер 4 құрлықтан: Еуропа, Азия, Сол­түс­тік Америка, Оңтүстік Амери­кадан ұсы­нылып отыр», деп аяқтады сөзін З. Баймолдина.

Сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың штаб­­тарынан кандидаттардың бұ­­қа­ралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеуі үшін мемлекет бөлген республикалық бюджет қаражатын пайдалануға қа­тысты мәселе бойынша да хабардар етті.

Бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін кандидаттарға қаражат бөлу көлемдерін регламенттейтін Ортсай­лаукомның 2018 жылғы 25 та­мыз­дағы №12/202 қаулысының 5-тар­мағына сәйкес мемлекет канди­дат­тарға өз бағдарламаларымен бұқа­ралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін қаражат бөлудің тең кө­лемдеріне кепілдік береді. Мәселен, теледидарда (тікелей эфирде немесе жазбада) – 15 минут, радиода – 10 минут және мерзімді баспа басылымдарында немесе желілік басылымдарда жариялау үшін екі мақала 0,1 баспа парақтан аспауы тиіс.

Жоғарыда көрсетілген жария ету көлемдерін қоспағанда, тараптар өздері жасасқан шарттар талаптарында еркін екенін ескере отырып, теле­дидарда (тікелей эфирде немесе жазбада) сөз сөйлеуді ұйым­дас­тыру жөніндегі қыз­меттерге канди­даттардың сөз сөйлеуін шығару және теледидарда транс­ляциялау жөніндегі шығыстар енгі­зілуі мүмкін. Бұл ретте сөз сөй­леуге арналған сома мен көлем Ортсай­лау­ком белгілеген кан­дидаттың бұқа­ралық ақпарат құрал­дарындағы шығыс­тарының мөл­шерлерінен аспауға