Қоғам • 04 Маусым, 2019

Мемлекеттік қолдау кәсіпкерлікке жаңа серпін береді

1000 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Қазақстан дамудың жаңа сатысына түсті. Келешегі кемел ел болу үшін әр мемлекеттің бағыты нық, мақсаты айқын болуы керек. Жаһандық өзгеріске Қазақстан қандай экономикалық әлеуетімен кіре алады?

Мемлекеттік қолдау кәсіпкерлікке жаңа серпін береді

Осы сауалға Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев айқын жауап берген болатын. Нұрсұлтан Әбішұлы «біз «Boeing» ұша­ғын жасап Американың алдына түсе алмаймыз. Біз «Мер­­се­дес» машинасын құрас­ты­рып, Германиядан оза ал­май­­­мыз. Қазақстанның жері ұлан­­-ғайыр, төрт түлікті өсі­ру­ге жайы­лымдық жер жетеді. Ауыл шаруашылығын өріс­те­ту арқы­лы өз жолымызды айқын­дап аламыз» деген сипатта ой айтқан еді.

Бүгінде Қазақстан Елбасы көрсеткен сара жолды нық ұстап келеді. Қызылорда облысы осы тапсырманы орындауда елімізде алдыңғы қатарда деуге болады. Облыс әкімі Қ.Көшербаевтың ұйытқы болуымен жаңа жұмыс орындарын ашу, 2018-2020 жыл­дар­дағы өңірлік өнімдегі ша­ғын және орта кәсіпкерлік субъ­­ек­тілерінің үлесін артты­ру және жұмыссыздар мен өзін өзі нәтижесіз жұмыспен қам­ты­ғандардың санын азайту мақсатында аймақта жаппай кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың үш жылдығы жария­ланды.

Ауылдық округ пен аудан әкімдері, кураторлар – ауыл­дық жерлердегі кәсіп­кер­лік­ті дамытуға жауапты ай­мақ­тық департаменттер мен ин­с­пекциялардың, бас­қар­ма мен өңір­лік қаржы ин­сти­тут­та­ры­ның басшылары қатыс­қан жиналыста облыс әкімі:

«Жылдың басында жұмыс­сыздар мен өзін өзі нәти­же­сіз жұмыспен қамты­ған­дар саны 97,5 мың болса, бүгінде олардың саны 35,8 мың адамды құрайды. Яғни, 62 мыңға жуық адам жұмыспен қам­тыл­ған және ресми түрде тір­кел­ген. Оның ішінде 14 мың­нан астам адам жаппай кәсіп­кер­­лік­ті қолдау шаралары аясын­да жұмыс істеуде. 2018 жыл­дың соңында шағын және орта бизнес субъектілерінің үле­сі кемінде 15 пайызды құраса, 2020 жылы 25 па­йыз­ға жетуі керек. Мемлекет басшы­сы­ның бастамасы бойынша, «Биз­нес­тің жол картасы-2020» бағ­дар­ламасы тағы 5 жылға ұзар­тыл­ды. Осыған орай, ауыл­дық округтердегі кәсіп­кер­лікті дамытуға жауапты тұлғаларға ауыл әкімдерімен бірлесіп, нақ­ты жобалар аясында, оның ішінде зәкірлі жобаларды қолдауды және олар іске қосыл­ған­ша бақылау жасауды тапсырамын», деді. Осы жұмыстар бүгінде жақсы жемісін беріп жатыр.

Өткен жылы жаппай кәсіп­кер­­лікті дамытуға әртүрлі қара­жат көздерінен 32 млрд теңге бөлінсе, биыл 34 млрд теңге қаралды. Бұдан бөлек, жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақ­сатында аумақ басшылары ауылдық округтерге жауап­тылыққа бекітілді. Осы орайда облыс әкімі тұрақты түрде мем­ле­кеттік органдардың басшы­ларының есептерін тыңдап, тапсырмаларын беріп тұрады.

Өңіріміздегі мемлекеттік бағдарламаларға келейік. Біз жыл басынан бері «Еңбек» мем­лекеттік бағдарламасының қа­ра­­жатын күтпей-ақ, «Қы­зыл­­орда» өңірлік инвес­ти­ция­лық орталығы арқылы мик­ро­несиелер беру үшін облыс­­тық бюджеттен 500 млн теңге бөлдік. Қазірдің өзінде, орта­лықпен жалпы құны 525 млн теңгені құрайтын 106 жоба қаржыландыру үшін мақұл­дан­ды.

«Биз­нестің жол картасы-2020» мем­лекеттік бағдар­ла­­масы аясында жалпы құны 1,6 млрд теңгені құрайтын 58 жоба суб­сидиялау үшін мақұлданды. Облыс әкімі бұл бағдарлама бойынша қала және аудан әкім­дік­теріне банктерден тиісті қара­жаттарды тартуды тапсырып келеді. Бағдарламаның 5 жылға ұзартылғаны мәлім. Оған қоса биыл елімізде өң­деу­ші өнеркәсіп саласын дамыту мақсатында Үкімет «қара­па­йым заттардың экономика­сы» жаңа бағдарламасын іске асырып жатыр. Бұл үшін Ұлт­тық банк арқылы екінші дең­гейлі банктерге 600 млрд теңге көлемінде қаражат қарас­тырылды. Мақсат – осы бағ­дар­лама аясында жаңа өндіріс көздерін ашып, экспорт көлемін ұлғайту, жаңа жұмыс орындарын құру, инвестиция көлемін ұлғайту. Бағдарламаны іске асырудың өзектілігін насихаттау мақсатында облыстық кә­сіп­керлік және туризм, ин­дус­триялық-инновациялық да­му, ауыл шаруашылығы бас­қар­ма­лары, кәсіпкерлер палатасы мен қаржы ұйымдары барлық қала және аудандарды аралап, түсіндірме жұмыстарын жүр­гізді. Бағдарлама аясында қа­ралған қаражатты облысқа ба­рынша тарту бағытында жұ­мыс­тарды жалғастырып келеді. Бұл бағдарламаның өңірі­мізде жаңа өндіріс көз­де­рін ашып, экспорт көлемін ұлғайтуға үл­кен мүмкіндік бере­тіндігін түсінуі­міз қажет және облысқа инвес­тиция тарту бағытында жұмыс­тарды жан­дандыруға тыры­самыз. Бұл, әрине тек мем­лекеттік бағ­дар­ламалар аясын­да­ғы қолдау шаралары.

Бұдан өзге облыста әкім­ші­­лік кедергілерді азайту ба­ғы­тын­дағы жұмыстар да жалғасын тауып, әртүрлі тақы­рып­тағы іс-шаралар, яғни форумдар, семинарлар, көрме-байқаулар, тренингтер де өткізілуде.

Өткен жылы кәсіпкерлік сала­­сындағы барлық мекеме­лер бір бизнес орталыққа бірік­тірілген «Кәсіпкерлер үйі» ашылды. Онда 40-тан аса қыз­метті, оның ішінде жер мәсе­лесі бойынша, сәулет және құрылыс, инженерлік желі­лер­­ге қосылу қызметтерін тегін көрсететін Кәсіпкерлерге қыз­мет көрсету орталығы жұ­мыс істейді. Кәсіпкерлердің, жалпы кәсіппен айналысамын деген облыс тұрғындарының кез келген қызмет түрін «бір терезе» қағидатымен алу мүм­кін­­діктері бар. Оған қоса кә­сіп­­керлік саласындағы іс-ша­ра­­лардың басым бөлігі осы Кәсіпкерлер үйінде өткізіледі. Өткен жылы кәсіпкерлік саласын, әйел кәсіпкерлігін, мүгедек кәсіпкерлерді, сондай-ақ жас­тарды қолдау мақсатында облыстық деңгейде «Жастар форумы», «Іскер әйел кәсіпкерлер форумы», «Байқоңыр стартап 2», «Өзіңе сене баста» сияқты көрме-байқауы және өзге де семинарлар өткізіліп, нәтижесінде ақшалай, ынталандыру сыйлықтарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Аталған іс-шаралар биыл да өз жалғасын табады және қосымша Жастар жылына арнап «Ауылдың жас кәсіпкерлер форумы», Жастардың 2 форумы, «Байқоңыр стартап 3» көрме-байқауы және өзге де іс-шаралар өткізіледі. Яғни, шағын және орта бизнесті жап­пай дамыту және қолдау бағы­тын­дағы жұмыстар жалға­са­ды.

Халқымызда «көз қорқақ, қол батыр» деген аталы сөз бар. Көп адамдар өз мүмкіндігіне көңілі сене бермейді. Сонау Кеңес Одағынан қалған «Үкі­мет өлтірмейдіге» малданып жүргендер әлі де бар. Қазір – нарық заманы. «Алма – піс, аузы­ма түстің» уақыты өтті. Тәуе­кел­дің қайығына мін­гендердің бүгінде асығы алшы­сынан тұ­рып, кәсібін жақсы игеріп, пай­даға шықты. Мем­ле­кеттік қол­дауды тиімді пайдаланып, кәсі­бін нығайтумен қатар жаңа жұ­мыс орындарын ашып жатыр.

Облыс әкімдігі әр ауданның даму жоспарын айқындап, әр ауылдағы шағын және орта кәсіпті көптеп ашуға жәрдем беру үшін өз орынбасарларынан бөлек басқарма басшыларын да жауапты етті.

«Мемлекет барлық жағдай­ды жасауда: қаражат бөлінді, бағ­дар­ламалар әзірленді, сіз­дер­­ден тек осы жұмыстарды өңі­рімізде ұйымдастыруға деген ниет қажет. Біз облыс тұр­ғын­дарының әл-ауқатына жауаптымыз. Нәтижелі жұмыс істеуге тиіспіз. Жыл соңында әрқайсыңыздың есептеріңіз тың­далып, жергілікті кәсіп­кер­лікті дамытуға қосқан үлес­те­рі­ңіз қарастырылатын болады», деген болатын облыс әкімі.

Атқарылып жатқан жұмыс­тар­ға аудан, ауыл әкімдерімен бір­ге сала басшыларының жа­уап­­кершілікте болуы жос­пар­да­ғы жұмысты жандандырды. Облыста қолға алынған, жаппай кәсіпкерлікті дамытудың жобасына «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры да айтарлықтай үлес қосып келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық инвес­торлар кеңесінің отырысында кәсіпкерлікті дамыту бойынша атқарылатын шараларды не­гіз­гі 9 бағытта атап өтті. Атал­ған құжат кәсіпкерлік саласын да­мытуға негізделген өзекті мә­се­лелерді шеше отырып, ел эко­номикасының локомотиві бол­уы тиіс.

Оған қоса, күні кеше жал­пы бюджеті 219 млрд тең­ге­ні құрайтын Қызылорда облы­сының әлеуметтік-эконо­ми­ка­лық дамуының 2020-2022 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді. Оның ішінде 10,7 млрд теңгесі кәсіп­керлік саласына тиесілі. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлік сала­сы­ның басым бағыттарға ие екендігінің дәлелі.

Мемлекет басшысының тапсыр­масы Қызылорда өңі­рін­де осылайша тиянақты орындалып жатыр.


Фердоуси ҚОЖАБЕРГЕНОВ,
Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы


Қызылорда облысы