Бүгінде қалада көлікті реформалау аясында автобус паркін жаңарту және қаланың бағыттар желісін ұлғайту жұмыстарын жалғастыру барысында автобус паркі жыл аяғына дейін жүз пайызға дейін жаңаратын болады.
Таяуда қолданысқа енетін 500 автобустың 200-і газбен жүретін болса, 60-сы «гармошкалы» көлік. Қала әкімі тұрғындардың өтінішіне орай таяу уақытта 38 және 48 бағыттар жаңартылатын болады.
Қала экологиясын жақсарту үшін электр көлігі енгізілуде. Ол үшін электробустардың үшінші буынын шығаратын қазақстандық-германдық-гонконгтік зауыт пен 300 орынды автобус паркі салынды. «Made in Almaty» көліктерінің алғашқы ондығы енді бірнеше күндерден соң бағыттар бойынша жүретін болады.
Бұдан өзге, троллейбустың байланыс желісін жаңартудың ЖСҚ жасалды. Жаздың соңына дейін бюджеттен тыс қаржы есебінен бекет кешендеріне тағы 50 электронды табло орнатылады.
Деректер бойынша соңғы үш жылда Алматыдағы автобус паркінің 80 пайызы жаңарып, 1113 жаңа автобустар сатып алынды. Бұған қаржыны көлеңкелі айналымнан шығаруға ықпал еткен «Оңай» жүйесі арқылы қол жеткен. Қазіргі кезде барлық транзакцияның 97 пайызы қолма-қол ақысыз іске асуда.