Аймақтар • 04 Маусым, 2019

Текеліде тағы бір көпбалалы анаға тұрғын үй берілді

992 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Текелі қаласында бұған дейін де көпбалалы отбасылардың баспаналы болып, қоныс тойын тойлағаны жайында жазған едік.

Текеліде тағы бір көпбалалы анаға тұрғын үй берілді

 Жақында осы қалада тұратын көпбалалы Мақпал Күздікбаеваға да жергілікті кәсіпкерлер 3 бөлмелі үй сатып алып берді.

- Қаламызда 415 көпбалалы отбасы тіркелген. Оның ішінде 170 әулет баспанаға мұқтаж. Біз кәсіпкерлермен бірігіп аз қамтылған отбасыларға қол ұшын созып келеміз. Жомарт жандар өз қаржысына үй сатып алып, сыйға беріп жатыр. Бұл - жұғысты болатын, жалғасы болатын жақсылық, - дейді Текелі қаласының  әкімі Бақтияр Өнербаев.