Қазақстан • 04 Маусым, 2019

Сенатор Сәуле Айтпаева ЮНИСЕФ өкілімен кездесті

785 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

3 маусым күні Парламент Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Юрий Оксамитныйды қызметінің аяқталуына байланысты қабылдады. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Сенатор Сәуле Айтпаева ЮНИСЕФ өкілімен кездесті

Кездесу аясында балалардың құқықтарын қорғау мен ілгерілету саласындағы өзара іс-қимылдың нәтижелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын жан-жақты қорғау мен қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ЮНИСЕФ-пен бірыңғай саясатының сабақтастығы талқыланды.  

Сенатор Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев пен Президент Қ.Тоқаевтың тарапынан еліміздегі балалардың жағдайы мәселелеріне ерекше назар аударылғанын атап өтті. Мемлекеттік әлеуметтік саясат Ата заңға, «Бала құқықтары туралы» конвенцияның ережелері мен халықаралық міндеттемелерге сәйкес баланың дене бітімі мен интеллектуалдық дамуын, рухани, адамгершілік және әлеуметтік тұрғыда толыққанды болып өсуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен табысты қызмет пен белсенді әріптестік үшін алғыс айтып, балалардың құқықтарын қорғау саласында ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді.