Мүмкіндігі шектеулі сайлаушыларға да ерекше көңіл бөлінеді. Оларға кедергісіз дауыс беру үшін барлық жағдай жасау қарастырылған. Жалпы, облыс бойынша тізімде 930 мыңнан астам сайлаушы бар.
Сайлау комиссиясының учаскелердің дайындық деңгейі және олардың жабдықталуы туралы есебін тыңдаған облыс әкімі дауыс беру күні қандай да тосын жағдайларға жол бермеуді тапсырды.
Сайлау күні облыстың қалаларында автобустарда жол жүру тегін болады. Сонымен қатар, 9 маусымда Қарағанды қаласының «Алтын Арба», «Шығыс», «Арай», «Михайловка», «Горняк», «Қайрат» базарлары, «Орбита» және «Отау» автокөлік базарларының сауда алаңдары жұмысын сағат 12.00-де бастайды.