18 Мамыр, 2013

«Сосновый бордың» емі де ерекше

678 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

«Сосновый бордың» емі де ерекше

Сенбі, 18 мамыр 2013 1:31

Қостанай өңіріндегі Арақарағай орманы негізінен далалы болып келетін осы өңірдің кеудесіне таққан алқасы іспетті. Ертеде осы аймақты жайлаған байлар Арақарағай орманының көкпен тірескен қарағайының арасына қыста жылқысын ықтады екен. Ормандағы көлдің емдік қасиетін адамдар ерте кезден-ақ байқаған. Осы араның астында емдік қасиеті өте мол минералдық судың үлкен қоры бар екенін ғалымдар өткен ғасырдың 60-70 жылдары арасында анықтады.

Сенбі, 18 мамыр 2013 1:31

Қостанай өңіріндегі Арақарағай орманы негізінен далалы болып келетін осы өңірдің кеудесіне таққан алқасы іспетті. Ертеде осы аймақты жайлаған байлар Арақарағай орманының көкпен тірескен қарағайының арасына қыста жылқысын ықтады екен. Ормандағы көлдің емдік қасиетін адамдар ерте кезден-ақ байқаған. Осы араның астында емдік қасиеті өте мол минералдық судың үлкен қоры бар екенін ғалымдар өткен ғасырдың 60-70 жылдары арасында анықтады. Қазір осында орналасқан «Сосновый бор» санаторийінде гас­трит, эзофагит, асқазан және он екі елі ішек жарасы, колит, холецистит, панкреатит сияқты асқазан-ішек ауруларынан емдейді. Судың демікпеден, қолқа мен созылмалы пневмониядан зардап шегетіндерге, радикулит, полиартрит сияқты тірек-қозғалыс аппараты, буын ауруларына, семіздікке және қант ауруына қарсы, аллергия және экзема, псориаз, нейродерматит секілді тері ауруларына, аднексит, бедеулік, әйелдердің тағы басқа да гинекологиялық ауруларына, гайморит, фарингит, ларингит, отит, тонзилит сияқты тамақ, мұрын, құлақ ауруларына, зәр және жыныс жолдары ауруларының простатит, энурез, белсіздік түрлеріне шипасы өте мол. Емнің барлығы, әрине, минералдық су шипасының арқасында мүмкін болады.

Әдетте, көптеген санаторийлерде тек емдік су немесе балшық қана болады. Ал «Сосновый борда» бәрі де бар. Мұның тек суы ғана емес, ауасының өзі шипа. Иә, табиғаттың өзі – емші. Мамыр айында қарағай бүршік ата бастағанда орман ішінде серуендеу жүрек-қан тамырлары, демалу органдары ауыратындарға өте пайдалы. Фитонцидтерге өте бай қарағай бүршіктерінің суық тиіп ауыра беретіндер үшін емдік қасиеті мол. Мұны дәрігерлер «табиғи барокамера» деп жиі айтады. Қылқан жапырақтылар және қайыңы аралас орман оттегін мол бөлетіні белгілі. Орманда серуендеу қысы-жазы пайдалы. Санаторийдің балшығының да емдік қасиеті өте жоғары. Оны көбіне буын ауруларына пайдаланылады.

Санаторийде демалушыларды жоғары білікті терапевт, кардио­­­­лог, гастроэнтеролог, невропа­­­­­то­­­лог, гинеколог, мануальдық те­ра­­­­­­певт, уролог, физиотерапевт дә­­­­­­рігерлер қабылдайды. Олар адам­­­­­дарға ауруына қарай ем кур­­­­­­сын және профилактикалық ша­­­­раларды белгілеп береді. Ши­­­­­пажайда қазіргі заманғы клини­­ка­лық-диаг­ностикалық зертхана жұмыс істейді. Онда демалушылар ЭКГ, УЗИ аппараттарынан өте алады, қанның биохимиялық талдамасын алады.

Санаторийдегі сумен емдеудің орны тіпті бөлек. Мұндағы мине­­­ралдық су ағзаға емдік әсерін бе­реді. Ол ең алдымен жүрек-қан та­­мыр­­­лары жүйесінің жұмысын, зат алмасу үдерісін және эндокриндік бездердің қызметін жақсартады. Минералдық су ванналарының панталық, йод-бромдық, ски­пи­­­­дарлық, майқарағайлық сияқты неше түрі бар. Сонымен қатар, балмен, шөппен, шоколадпен орап емдеу, шөп ванналары дем­а­­­­­­­лу­­­шы­ларға қатты ұнайды. Сана­­­­то­­­­­рийдегі физиоемдердің де бере­­­тін шипасы мол. Демалушылар маг­­ниттік, лазерлік, озакериттік емдер, электрофарез, ультрадыбыс, дәрілік ингаляция, фонофарез, тұз шахтасы сияқты толып жатқан ем алады. Демалушы үзу (массаж) емінің классикалық, қытай әдісімен, шығыс тәсілімен, ароматтық сияқты бірнеше түрін алуына болады.

Санаторийде емнің жаңа түрлері толықтырылып отырады. Емдік кабинеттер қазіргі за­­манғы озық медициналық құ­рал­­­дармен жабдықталады. Олар­­­дың жаңартылуы, жаңғыр­ты­луы демалушыларға көрсетер қыз­меттер сапасын жақсарта түсе­­­ді. Биыл санаторийде емнің тағы да жаңа түрі пайда болды. Кө­­­мірқышқыл ваннасы – ши­па­жай­­­дағы жақсы жаңалықтың бірі.

– Бұл ванна тамырдың тарылуына қарсы ем береді. Жүрек-қан тамырлары ауруынан, әсіресе, аяқ тамырларының шығып кетуінен (варикоз) зардап шегетіндер әй­ел­­дерге шипасы мол, – дейді сана­торийдің бас дәрігері Айгүл Мырзабекова. Көмірқышқыл ваннасы кабинетінің алдында бірнеше кісі кезек күтіп отыр.

– Петропавл қаласынан келдім. Аяғымның тамыры шығып ғана қоймай, қанқақсап ауыратын. Маған санаторий дәрігерлері бірден көмірқышқыл ваннасы емін ұсынды. Оны бір қабылдағанда-ақ аяғым ауруын қойды. Тамырды кеңейтетін шипасы бар екен. Жаным кіріп қалды, – дейді Татьяна Чоримова. Оның жанында отырған Бекжанова Ғалия да осы емнің түріне дән риза.

– Мен Қостанайдың Әулиекөл ауданынан келдім. Демікпемен ауырамын әрі «варикоз» деген ауру да аяғымды бастырмайтын. Көмірқышқыл ваннасын бір қабылдағанда аяғымның ауруын сап тиды. Бұл ем демікпеге де жақсы екен. Өзімді сондай жақсы сезініп қалдым, – дейді Ғалия. Санаторийдегі демалушылардың қайсысымен тілдессең де оның ем түрлерін, дәрігерлер мен басқа да қызметкерлердің қызмет көрсету мәдениетінің жоғарылығын, та­ма­ғының, жатар орнының да уақыт талабына сай екендігін айта жөнеледі. Олар «келер жылы тағы да келемін» деп айтып жатады. Санаторий келушілерді қашан да жақсы қарсы алады.

Санаторийге жолдама және алдын ала орын сақтатып қою жөнінде маркетинг және сату бөлімінің: 8(714-45) – 3-33-09, 3-33-10, 49-010, 8-7142-39-02-90,39-09-09 немесе шипажайдың Қостанай қаласындағы өкілдігінің 8(7142)-54-30-04 телефондарына хабарласуыңызға болады. Ал анықтама телефондары: 8(71445) 3-33-05, 8-7142-39-02-90 телефондары тәулік бойы жұмыс істейді. Сонымен қатар, «Сосновый бор» санаторийінің http://sosnovyibor.com интернет арқылы тауып алуыңызға болады. Ал sosnov bor@mail.ru электронды поштасын да есіңізге саламыз.

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,

«Егемен Қазақстан».

ҚОСТАНАЙ.