Бірегей шипажай
Сейсенбі, 21 мамыр 2013 1:09
Еліміздің 2011-2013 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының басты мақсаты – медициналық мекемелерді соңғы үлгідегі технологиямен жабдықтау және де сол технологияны жетік меңгерген мамандарды даярлау. Бұл, түптеп келгенде, халықтың хал-ахуалын барынша жақсартуға бағытталған бағдарлама екендігінде шүбә жоқ.
Сейсенбі, 21 мамыр 2013 1:09
Еліміздің 2011-2013 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының басты мақсаты – медициналық мекемелерді соңғы үлгідегі технологиямен жабдықтау және де сол технологияны жетік меңгерген мамандарды даярлау. Бұл, түптеп келгенде, халықтың хал-ахуалын барынша жақсартуға бағытталған бағдарлама екендігінде шүбә жоқ.
Республикада әсіресе қан айналымы жүйесі ауруларының ішінде жүрек қан тамырлары дерттерінің кең тарағаны әрі өлім-жітімнің көбеюі қоғамды алаңдатып отырғаны белгілі. Соңғы жылдары жаңа технологияны енгізу, білікті мамандар даярлау нәтижесінде бұл аурулармен күрестің де қарқын ала бастағаны сезіледі. Жүрек-қан тамырлары ауруларының ішінде қоғамымызда ең көп кездесетін аурулар – стенокардия, атеросклероз, ишемия, микрокард инфарктісі сияқты түрлері дендеп тұр. Қазақстан осы аурулар бойынша өлім-жітім жағынан ТМД елдерінің ішінде бірінші орында екен. Әрине, өкінішті…
Елімізде медицинаның осы заманғы диагностикалау және емдеу қондырғылары пайдаланылып, жаңа технологияларды игерудің нәтижесінде соңғы бесжылдықта онкологиялық аурулардың біршама тұрақталғанын атап өтуге болады.
Осы орайда, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығында көңіл сүйсінтер істер атқарылып, көпшілік тарапынан алғысқа кенелуде.
Медициналық орталық жүйесінің қалыптасуы 1929 жылы басталған. Оның негізгі міндеттері – тіркелген құрамның денсаулығын нығайту және сақтау, санаторийлік-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру. Орталық құрамына кіретін ауруханалар медицинаның барлық саласы бойынша емдеу-сауықтырудың сан алуан қызметін көрсетеді. Медициналық орталықтың жүйесіне Алматы қаласындағы ҚР ПІБ МО Орталық клиникалық ауруханасы мен «Алматы» санаторийі енеді.
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Алматы» санаторийі» АҚ-тың іргесі 1967 жылы қаланды. Ал 2010 жылы көп бағдарлы емдеу мекемесінен қонақүй, емдеу, т.б. қызметтерінің қазіргі заманғы талаптарына сай келетін шипажай ретінде қайта ұйымдастырылды. Шипажай Алматы қаласынан 3 шақырым қашықтықта. Іле Алатауының бөктерінде, теңіз деңгейінен 1052 шақырым биіктікте орналасқан. Курорт тыныс алу, ас қорыту, қан айналымы, жүйке жүйесі, несеп-жыныстық және сүйек-бұлшық ет жүйелерінің ауруларын емдеу мен оңалту бойынша қызмет көрсетеді.
«Алматы» сауықтыру СПА шипажайы қазіргі заманғы медициналық құралдармен жабдықталған. Шипажай аумағында теннис корттары, ролик тебуге арналған және әмбебап спорт алаңдары демалушылардың көңілінен шығып, таза ауамен тыныстауына толық мүмкіндік бар.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Алматы» санаторийін «Құрмет» орденінің иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Бекмахан Сыбанбайұлы Құралбаев басқарады.
Ғалым ҚҰРАШ,
ардагер журналист.