Экономика • 05 Маусым, 2019

Үш айда 44 жоба қаржыландырылды

799 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облыстық Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі 3 айда 44 жоба қаржыландырылғандығын хабарлайды.

Үш айда 44 жоба қаржыландырылды

«Бастау» жобасы аясында бизнес сауаттылықтарын арттырып, кәсібін ашушылардың қатары артып келеді екен. Биылғы жылы Қызылорда облысы бойынша 800 азаматты «Бастау» жобасы бойынша оқытылу көзделіп отыр. Қазірдің өзінде 555 азамат осы жоба аясында білім алса, оның 44-і кәсібін бастап үлгерген. Олардың 3-еуі «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалынан 11,5 млн теңге несие алса, 41-і «Еңбек» бағдарламасы аясында өткен гранттың жеңімпазы атанды. 41 жобаға берілген грант көлемі 10,4 млн теңге.

Осылайша, шағын және орта бизнесте өз күштеріне сенгендердің қатары көбейіп келеді.