Аймақтар • 05 Маусым, 2019

Бірыңғай оператор құру жетістікке қол жеткізді

975 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында ауылдық елдімекендерді сумен қамтамасыз ету көрсеткіші жоғары болып тұрған Алматы және Қызылорда облысы әкімдіктерінің тәжірибесін атап өтті.

Бірыңғай оператор құру жетістікке қол жеткізді



ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында ауылдық елдімекендерді сумен қамтамасыз ету көрсеткіші жоғары болып тұрған Алматы және Қызылорда облысы әкімдіктерінің тәжірибесін атап өтті.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаинның Қызылорда облысында орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуде бірқатар жетістікке қол жеткізгендігін айтады.

"2017 жылдың маусым айына дейін Қызылорда облысында оқшау ауыз су жүйесін пайдаланатын 10 мекеме жұмыс істеді. Алайда, осы мекемелер тұтынушыларды ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ете алмады. Себебі, жергілікті жерде кәсіби мамандардың тапшылығы, материалдық-техникалық базаның әлсіздігі, арнайы техникаларының болмауы, төмен және әр түрлі тарифпен сумен жабдықтау жүйесін дұрыс пайдаланбауға әкелді. Сондықтан облыстағы "ҚазСуШар" мекемесі "Арал" филиалының материалдық-техникалық әлеуетін пайдалану үшін, аудандардағы локалды су беруші мекемелерді Филиалдың теңгеріміне беріп, республикада алғаш болып өңірде Бірыңғай оператор құрылды", - деді М.Усаин.

Бірыңғай оператор құру нәтижесінде бірқатар маңызды көрсеткіштерге қол жеткізілді. Мәселен, тәулік бойы су алатын ауылдық елдімекендер саны 88-ден 145-ке дейін көбейді, оқшау су пайдаланушыларға бірыңғай тариф бекітілді.

Бүгінде Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2019-2022 жылдарға арналған Кешенді жоспары бекітілген. Кешенді жоспарға әлеуметтік маңызы бар жалпы құны 29 млрд.теңгені құрайтын сумен жабдықтау және су бұрудың 14 жобасы енгізілді. Осы жобалар іске асқан кезде 111 мың адам сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.


 Қызылорда облысы