Аймақтар • 05 Маусым, 2019

Қызылорда облысы Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті

1350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Мемлекеттік рәміздер аллеясында өткен салтанатты шарада ел тарихын қалыптастырудағы мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын атап өтті.

Қызылорда облысы Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті

«Мемлекет мәртебесін айқындайтын негізгі құндылықтар мен ұстанымдар тарих толқынында шыңдалып, уақыт тезіне төтеп беретін дәрежеге көтерілу арқылы қалыптасатыны белгілі. Бұл ретте мемлекеттік рәміздеріміз – Ту, Елтаңба, Гимн бір сәтте ғайыптан пайда болмай, сан ғасырларды артта қалдырып бекіді. Рәміздер – Қазақстан деген дербес мемлекеттің әлем картасында бар екенінің бірегей белгісі. Еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай: «Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа деген үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер», деді ол.

Салтанатты жиында облыстың және Тәуелсіз Қазақстанның дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды.

Сондай-ақ рәміздер аллеясында мемлекеттік қызметкерлер мен әскери қызметшілердің ант беру рәсімі өтті.