Аймақтар • 05 Маусым, 2019

Балалар жазғы тынығу лагерьлерінде демалады

968 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Қызылорда облысы бойынша 1-10 сынып аралығындағы 147750 баланың 144795-і жазғы тынығу лагерьлерінде демалатын болады. 1 маусымнан бастап аймақтағы сауықтыру лагерьлері өз жұмысын бастайды деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Балалар жазғы тынығу лагерьлерінде демалады


Қызылордалық өрендердің демалысын қызықты өткізу мақсатында облыста түрлі шаралар қолға алынып жатыр. Мәселен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде мектеп туризімін жандандыру бойынша 20 мың оқушы аймақтағы киелі тарихи-мәдени орындарға саяхат жасайды.

– Облыстағы 9 сауықтыру орталығы мен демалыс лагерінде 10 мыңға жуық бала демалыспен қамтылады. Ал, жалпы білім беру мектептерінің базасындағы күндізгі және шатырлы лагерьлерде 96 мың бала тынығатын болады, - деді облыстық білім басқармасының басшысы Майра Меделбекова.

Биыл 2018-2019 оқу жылында облыстағы 261 мектептен 5754 оқушы 11 сыныпты бітіреді. Оның 4143-і маусым айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыспақ. Түлектердің 400-і «Алтын белгіге», 285-і «Үздік аттестатқа» үміткер. Сондай-ақ, бітіруші түлектер жыл бойы жұмыс істейтін «Қамбаш», «Талдысу» лагерьлерінде дайындық курстарынан өткен.


Қызылорда облысы