Аймақтар • 05 Маусым, 2019

Биыл он адам суға кетті

839 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Су – тілсіз жау» дейді халқымыз. Күн ысығаннан кейін суға түсушілер қатары көбейіп келеді. Кейде оның арты ауыр апатқа соқтырып жатыр. Қызылорда қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің кезекшісіне полиция қызметкерлерінен түскен хабарда «Аэрофлот» саяжайындағы «Қалғандария» көлінде белгісіз ер адамның денесі судың бетіне шығып тұрғаны айтылған.

Биыл он адам суға кетті

«Хабарлама бойынша Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының 6 құтқарушысы 2 бірлік техникамен оқиға орнына барды. Ер адамның денесін судан шығарды. Бұдан кейін марқұмның денесі полиция қызметкерлеріне берілді», - дейді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай бұл азамат 1958 жылы дүниеге келген Қызылорда қаласының тұрғыны екен.

Бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысында 10-ға жуық адам суға кетті. Оның жартысына жуығы балалар. Былтыр 22 адамның суға кеткен дерегі тіркелген еді. Енді шіліңгір шілденің аптабы басталды. Көлге түсушілер көбейеді. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті оларға абай болу жағдайын ескертеді.