ШАРАЙНА
Сейсенбі, 22 қаңтар 2013 7:05
АҚШ президенті ант қабылдады
Жексенбі, 20 қаңтарда АҚШ президенті Барак Обама елдің қайта сайланған президенті ретінде ант қабылдады. «Рейтер»агенттігініңхабарлауынша,Ақүйдеөткенсалтанатқапрезиденттіңотбасымүшелеріғанақатысқан.ПрезидентантынАҚШЖоғарғысотыныңбасшысыДжонРобертсқабылдады.
Сейсенбі, 22 қаңтар 2013 7:05
АҚШ президенті ант қабылдады
Жексенбі, 20 қаңтарда АҚШ президенті Барак Обама елдің қайта сайланған президенті ретінде ант қабылдады. «Рейтер»агенттігініңхабарлауынша,Ақүйдеөткенсалтанатқапрезиденттіңотбасымүшелеріғанақатысқан.ПрезидентантынАҚШЖоғарғысотыныңбасшысыДжонРобертсқабылдады.
Ал инаугурацияға арналған негізгі шаралар 21 қаңтарда өтті. Осы күні Барак Обама Капитолий сарайының алдына жиналған АҚШ азаматтарына сөз арнады және антын қайталады. Мерекелік салтанатта елдің әнұранын әнші Бейонс орындады. Атап өтейік, Б.Обаманың алғашқы төрт жылдағы президенттік мерзімі 20 қаңтарда Вашингтон уақыты бойынша сағат 12.00-де аяқталған еді. Бұл күн жексенбі болғандықтан, АҚШ-тың соттары жұмыс істемейді.
1,5 миллион доллар төлеп құтылды
Халықаралық валюта қорының бұрынғы басшысы Доминик Стросс-Кан қонақ үй күтушісі Нафиссату Диаллоға 1,5 миллион доллар көлемінде өтемақы төледі.БұлжөніндефранцузбасылымдарыСтросс-Канныңжақындарыныңайтқандарынасілтемежасайотырып,ақпараттаржариялады.
Басылымдардың келтірген деректеріне қарағанда, келісімде аталған 1,5 миллион доллар Н.Диаллоны Стросс-Канға қарсы азаматтық іс қозғаудан бас тартқызып отыр. Диалло бұл қаражаттың 30 пайызын өзінің адвокаттарына төлейтін көрінеді. Стросс-Кан мен Диалло арасындағы дауды реттеуге өткен жылдың желтоқсанында қол жеткізілген сияқты. Бұдан бірнеше ай бұрын 6 миллион доллар жөнінде әңгіме шыққан болатын. Оны ХВҚ бұрынғы басшысының адвокаттары жоққа шығарды.
Түрмеден шығармайтын түрлері бар
Кеше Украинаның бас прокуратурасы өздерінің сайтында елдің экс-премьері Юлия Тимошенконың қатысуымен болған бейнежазбаны орналастырды. Онда экс-премьерге 1996 жылы Жоғарғы раданың депутаты Евгений Шербаньның өліміне қатысы бар деген күдік бойынша ресми хатты табыс еткендігі көрсетілген.
Тимошенко ресми хаттағы қаулы мәтінімен танысып шығып, оған қол қойған. Ол өзін орнықты ұстаған және дауыс көтермей сөйлескен. Аталған бейнежазба, сондай-ақ бас прокурордың Украинада тіркелген шетел дипломатиялық миссиялары өкілдерімен өткен кездесуі барысында да көрсетіліпті. «Мұнда ешқандай саяси мәселе жоқ, тек тергеу материалдары ғана бар. Барлығы тексерілген соң, осы іс бойынша сот тиісті шешім қабылдайды», – деп атап өткен елдің бас прокуроры. Украинадағы аса ірі «Атон» қаржы корпорациясының басшысы, депутат Е.Шербань 1996 жылы Донецк әуежайында атып өлтірілген еді.
Елуден астам адамның өлі денесі табылды
Нигерияның оңтүстігіндегі Анамбра штатындағы Ока қаласы арқылы өтетін өзеннен жергілікті тұрғындар 50-ден астам адамның өлі денесін тапты. Бұл жөнінде «Новости» ақпарат агенттігі хабарлады.
Адамдар мәйіттеріне Амансеа деревнясының тұрғындары өзеннен су алуға келгенде кез болған. Олардың бір бөлігінде адамдарды күштеп өлтіру белгілері анық байқалған. Анамбра штатының полицейлері және оған көршілес Энугу штатының құқық қорғау органдары адамдардың өлтірілуіне не себеп болғанын, олардың мәйіттерінің өзенге қалай тасталғанын қазірге анықтай алмай отыр. Комиссар Муса Даур соңғы кезде полиция бұл өңірде қандай да бір қақтығыстың болмағанын айтады. Бұл жағдай жергілікті тұрғындарды алаңдатуда. Өйткені, осы өзен суын бес елді мекен тұрғындары пайдаланады екен.
Әуежайларда қиын жағдай қалыптасты
Еуропаның бірқатар елдерінде қалың қар түсуі мен қар аралас жауын салдарынан әуе кеңістігі жолдарында қиын жағдай қалыптасты. «Рейтер» агенттігінің ақпараттарына қарағанда, дүйсенбіге қараған түні Лондонның «Хитроу» әуежайында 260 ұшақ рейсі кейінге шегерілген.
Ал Париждің «Шарль де Голль» және «Орли» әуежайларында ұшуға тиіс барлық рейстердің 40 пайызға жуығын ауыстыруға тура келген. Бұл негізінен ішкі рейстерге қатысты. Сондай-ақ қалааралық бағыттарға жүретін жолаушылар автобустарының жүру кестесі де бұзылған. Еуропа елдерінің әуежайларындағы жағдай дүйсенбі күні де жалғасады деп күтілуде. Өйткені, синоптиктер қалың қардың түсуі әлі де жалғасады деген болжам жасап отыр.
Сайлау аштық жариялаудан басталды
Кеше Арменияда президенттік сайлау науқаны ресми түрде басталды. Кандидаттардың бірі – саясаттанушы және «Радио-ай» директоры Андреас Гукасян сайлау додасын аштық жариялаудан бастады. Ол екінші мерзімге сайлануға ниеттеніп отырған елдің қазіргі президенті Серж Сергсянның сайлаудан өз кандидатурасын алып тастауды талап етуде.
«Новости Армения» агенттігінің хабарлауынша, Гукасян өткен аптада аштық жариялаған. Оның мәлімдеуінше, биліктегі Республикалық партиядан кандидат қазіргі президент «өзінің қызмет жағдайын асыра пайдаланады, ол лайықты бәсекелес болып табылмайды». Сонымен қатар, Гукасян президенттікке кандидат өзге де үміткерлерді президенттік бәсекеден бас тартуға шақырды. Арменияда президенттік сайлау 18 ақпанға белгіленген. Орталық сайлау комиссиясы сегіз адамды кандидат ретінде тіркеді.
Қысқа қайырып айтқанда:
* АҚШ-тың Альбукерк қаласында 15 жастағы жасөспірім өз үйінде ер адамды, әйелді және үш баланы атып өлтірген. Ол тұтқындалды, полиция оқиға себептерін тексеруде.
* Чили диктаторы Аугусто Пиночеттің жақтастары Куба басшысы Рауль Кастроны 80-жылдары Чили режіміне қарсы күрескен қарулы топты қаржыландырды және оларға қару-жарақ жеткізіп тұрды деп айыптады.
* Мексикада есірткі саудасымен айналысқан деген күдікпен 158 полицей тұтқындалды. Олардың 110-ы Лердо қаласының, 48-і көршілес Гомес Паласио қаласының полиция қызметкерлері.
* Алжир газ кешеніндегі арнайы операцияның ресми қорытындысын жария етті. Терроршылардың қолынан кепілге алынған 23 адам қаза тапса, арнайы мақсаттағы жандармерия 32 терроршының көзін жойған. 685 алжирлік және 107 шетел азаматы құтқарылған.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.