23 Қаңтар, 2013

Әлем жаңалықтары

414 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Әлем жаңалықтары

Сәрсенбі, 23 қаңтар 2013 7:10

Жұмыссыздықтың өсімі алаңдатады
БҰҰ құрамына кіретін Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) баяндамасында 2013 жылы әлемдегі жұмыссыздар саны рекордтық көрсеткішке жететіні жария етілді. ХЕҰ-ның болжамына сәйкес, үстіміздегі жылы дүние жүзі бойынша жұмыссыздар саны 5 миллионға артып, 202 миллион адамды құрайтын болады.

Сәрсенбі, 23 қаңтар 2013 7:10

Жұмыссыздықтың өсімі алаңдатады
БҰҰ құрамына кіретін Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) баяндамасында 2013 жылы әлемдегі жұмыссыздар саны рекордтық көрсеткішке жететіні жария етілді. ХЕҰ-ның болжамына сәйкес, үстіміздегі жылы дүние жүзі бойынша жұмыссыздар саны 5 миллионға артып, 202 миллион адамды құрайтын болады.

Дағдарыс басталған 2007 жылдан бері әлемдегі жұмыссыздар 28 миллион адамға көбейіп, 2012 жылдың аяғында 197 миллион адамды құраған. Жұмыссыздар саны өзінің шарықтау шегіне ең дағдарысты деп есептелетін 2009 жылы жеткен. Яғни сол жылы дүние жүзі бойынша 199 миллион адам жұмыссыз болған. Ал алдағы жылы жұмыссыздар саны тағы 3 миллионға артады деп болжанып отыр.

Қытайдан жер даулап отыр 
Филиппин басшылығы ҚХР-дан Оңтүстік-Қытай теңізіндегі талас тудырып келе жатқан жер қойнауы байлығы мол аумақты соттасып алу жөнінде шешім қабылдады. Мұндай мәлімдемені кеше Филиппиннің сыртқы істер министрі Альберт дель Росарио жасады.
Сол күні Филиппин сыртқы істер министрлігі Қытай елшісі Ма Кэцинді шақырып алып, аталған мәселе бойынша Халықаралық төрелік сотқа үндеу жолдағанын хабарлаған. Дель Росарионың сөзіне қарағанда, Филиппин басшылығы бейбіт келіссөз жүргізудің іс жүзінде барлық ықтимал саяси және дипломатиялық әдіс-тәсілдерін пайдаланып болған. Ол пайда бермегендіктен, Халықаралық төрелік сотқа жүгінген жөн деген шешім қабылданған.

Израильде Кнессетке сайлау басталды 
Кеше Израильде ел парламентіне сайлау басталды. Сайлау учаскелері бүкіл Израиль аумағы бойынша таңертеңгі сағат 5-те ашылған. Сайлау қорытындылары бойынша, Беньямин Нетаньяху премьер-министр орынтағын сақтап қалады деп күтілуде.
Соңғы әлеуметтік сұрау салулардың нәтижелеріне сәйкес, Нетаньяхудың «Ликуд» блогы – және «Біздің үйіміз Израиль» партиясы жаңа Кнессетте 32-орын ала алады екен. Бұл қазіргі кездегіден 10 орынға аз, алайда оңшыл блоктың жақын бақталастары – «Авода» солшылцентристік партиясы бар болғаны 17 орын алады деген болжам бар. Үшінші орын «Еврей үйі» оңшыл діни партиясына бұйыратын сыңайлы.

Қысқа қайырып айтқанда:

*Сирияда жанкешті-лаңкес жасаған жарылыс салдарынан 30-дан астам адам қаза тапса, бірнеше ондаған адам жараланған. Жарылыс Хама провинциясындағы Сальмиях қаласында жасалған.
* Британия ханзадасы Гарридің Ауғанстандағы әскери қызметін аяқтап, отанына оралатыны белгілі болып отыр. Бірақ оның қай жерде қызмет еткені және дәл қай уақытта еліне бағыт алатыны туралы нақты мәлімет жоқ.
* Ресей Либерал-демократиялық партиясының серкесі Вла­димир Жириновский орыс тілінде баламасы бар шет тілдеріндегі сөз­дерді пайдалануға заң бойынша тыйым салуды ұсынды. «Орыс тілін күл-қоқыстан және шетел сөздерінен арылту қажет», дейді ол.
*Испания әскери-әуе күштері 2013 жылы әскери ұшақтардың үш түрін қатардан шығаруды бастамақ. Бірақ авиапаркті жаңғырту кейінге қалдырылып отыр. Генерал Франциско Хавьер Гарсиа Арнаиздің айтуынша, техникалар қорғаныс бюджетінде қаржы тапшылығы салдарынан есептен шығарылмақ.

Чавес отанына қашан оралады?
Венесуэла президенті Уго Чавестің інісі Архенис Чавес мемлекет басшысының отанына оралу жос­пары туралы мәлімдеме жасады. А.Чавес бүгінде Венесуэланың ұлттық электрэнергетикалық корпорациясын басқарады. Ол 20 қаңтарда Гаванада ағасымен кездесіп, әңгімелескен көрінеді.
Кіші Чавестің айтуынша, ағасы Венесуэлаға жақын күндері оралуы мүмкін. Оның мәлімдеуінше, оралудың нақты күні президенттің денсаулық жағдайына тікелей байланысты болады. Соңғы кездері Уго Чавестің денсаулығы жақсара бастаған сыңайлы. Бұл жөнінде Венесуэланың вице-президенті Николас Мадуро хабарлады.

Жапония барлау спутниктерін ұшырмақ
Жапония үкіметі таяудағы бес жыл ішінде орбитаға оптикалық және радарлық бақылау жасайтын алты жер серігін шығармақ болып отыр. Спутниктер күніне екі мәрте Жердің кез келген нүктесінен суреттер мен басқа да ақпараттарды ала алады екен. Ал алғашқы аппаратты орбитаға осы қаңтар айының соңында шығару жоспарланыпты.
Қазіргі кезде Жапонияның құзырында төрт барлау жер серігі бар көрінеді. Олар негізінен Корея Халық-Демократиялық Республикасы аумағын бақылау үшін пайдаланылады. Жапон үкіметіндегілер ғарыштан бақылау ғана жеткіліксіз деп есептейді. Сондықтан Жапония кемшіліктің орнын АҚШ-тың есебінен толтырып отыр. Оның үстіне америкалық спутниктердің суреттері анағұрлым сапалы екен. Енді жапондар шетелдерге тәуелділіктен құтылатын сыңайлы.

Есірткі контрабандасына жаза ауыр 
Индонезияда 56 жастағы британдық Линдсэй Сэндифорд есірткі контрабандасы үшін өлім жазасына кесілді. Аталған әйел өткен жылдың маусым айында кәдімгі кедендік тексеру кезінде тұтқындалған болатын. Полиция оның шабаданының жасырын қабатынан 4,8 килограмм кокаин тәркілеген еді.
Сэндифорд Бали аралдарына есірткі жеткізуге мәжбүрленгенін мәлімдеген-тін. Прокуратура соттан оны 15 жыл түрмеге қамауға үкім шығаруды сұраған еді. Алайда судьялар британиялықтың қылмысын жұмсартатын ешқандай себеп жоқ екенін көлденең тартып, оны өлім жазасына кесті. Судьялардың пікірлерінше, Сэндифорд Балидің туристік орталық ретіндегі имиджіне нұқсан келтіріп, үкіметтің есірткімен күрес жөніндегі бағдарламасын әлсіреткен.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.

Соңғы жаңалықтар