24 сағат
Сәрсенбі, 30 қаңтар 2013 7:51
Бұрнағы күні Бразилияның Санта-Мария қаласындағы түнгі клубта болған өрт салдарынан 231 адам қаза тапқаны белгілі. Осы қайғылы оқиғаға байланысты елде 3 күндік қаралы күн жарияланды. Көз жұмғандардың жақындары билікке кінәлілерді әділетті жазалау керек деген талап қойып отыр.
Сәрсенбі, 30 қаңтар 2013 7:51
Бұрнағы күні Бразилияның Санта-Мария қаласындағы түнгі клубта болған өрт салдарынан 231 адам қаза тапқаны белгілі. Осы қайғылы оқиғаға байланысты елде 3 күндік қаралы күн жарияланды. Көз жұмғандардың жақындары билікке кінәлілерді әділетті жазалау керек деген талап қойып отыр.
Нидерланд патшайымы Беатрикс тағын үлкен ұлы, 45 жастағы ханзада Виллем-Александрға беретін болды. Бұл туралы патшайым ұлтқа телеүндеуінде жария етті. Беатрикс 31 қаңтарда 75 жасқа толады. Ол таққа анасы Юлианадан кейін 1980 жылдың 30 сәуірінде отырған болатын.
Германия канцлері Ангела Меркельдің кабинетінде Герман Герингтің коллекциясынан кілем бар екені белгілі болды. Бұл жөнінде «Дейли Телеграф» агенттігі хабарлады. Басылымның деректерінше, парсы кілемі нацистер екінші дүниежүзілік соғыс уақытында ұрлаған 600-ден астам өнер туындыларының бірі болып табылады.
Өзбекстан 40 күнге созылған үзілістен кейін Ресейге табиғи газ жіберу үдерістерін қайта жалғастырды. Экспорт өткен жылдың 16 желтоқсанында тоқтатылған болатын. Өзбек жағы бұл қадамға күннің күрт сууына байланысты өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барғанымен түсіндірген еді. «Газпром» өткен жылдың қорытындысы бойынша Орталық Азия елдерінен 33 млрд. текше метр газ сатып алыпты.
Иранда шетелдік БАҚ-тардың жергілікті бөлімшелерімен байланыста болған 14 журналист тұтқындалды. Олардың 9-ы ер адам болса, 5-уі әйел. Журналистердің нақты кімдер екені айтылмайды. Жалпы, Иранда өз журналистерімен күрес жүргізіліп келе жатқалы біраз болды. 2000 жылдан бері елде 120-дан астам газет жабылса, олардың ондаған редакторлары мен қызметкерлері түрмелерге жабылған.
Сенатор Анатолий Лысков Мемдумаға депутаттардың өкілеттіктерін соттың шешімінсіз-ақ жоятын заң жобасын енгізді. Бұл жерде әңгіме бірінші кезекте депутаттардың заңға қайшы әрекеттермен, атап айтқанда, бизнеспен айналысуларына қатысты болып отыр. Өйткені, заң кез келген коммерциялық қызметке тыйым салады.
Түркия «Анка» деп аталатын ұшқышсыз ұшатын жаңа ұшу аппаратын қабылдау сынағынан өткізуді аяқтады. Аталған аппаратты жасау 2009 жылдың соңына таман қолға алынған болатын. Енді оны әскерилермен сериялық өндіріске қою туралы келісім-шарт жасалмақшы.
Өзбекстан Қырғызстанмен шекарадағы темір жол өткізу бекетін ашты. Бірақ толықтай емес. Қырғыз және өзбек тарапы енді басқа өткізу бекеттерін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізбек. Өзбекстан Қырғызстанмен шекарадағы темір жолды үстіміздегі жылдың 21 қаңтарында біржақты негізде жауып тастаған еді. Қырғыздарға іс жүзінде көрші мемлекетке өтуге тыйым салынған-тын.
Ақпарат агенттіктерінің материалдары негізінде әзірленді.